Биткоинның бағасы 47 мың доллардан асты

Жарияланды (жаңартылды )
Биткоин бағасы қымбаттады / Фото: kursiv.media

2024 жылдың 9 ақпанында биткоин бағасы күрт өсіп, 47 мың доллардан асты. Бірақ кейін көрсеткіш қайта төмендеді. Сонымен қатар Ethereum құны 2500 долларға жетті.
Еске сала кетсек, бір күн бұрын биткоин құны 46 мың долларға жеткен еді. Соңғы 24 сағатта криптовалюта бағасы 4%-ға қымбаттады.

CoinGecko деректері бойынша оның капитализациясы 29 миллиард сауда көлемімен 906 миллиард долларға жетті, деп хабарлайды Forklog басылымы.

Бұл тұста криптовалюта «қорқынышы» индексі 72-ге жетті. Мамандар бұны сатып алушыларға қысым бар, деп түсіндірді.

Капиталдандыру бойынша алғашқы ондыққа кіретін басқа цифрлық активтер де «жасыл аймаққа» енді.

«Ең танымал криптовалюта нарыққа үлкен қолдау көрсетіп жатыр. Актив 38 -50 мың доллар аралығында шоғырлануы мүмкін», – MN Trading негізін қалаушы Майкл ван де Поппе.

LMAX Group сарапшыларының пікірінше, бағаның өсуі жалғасып, 50 мың долларға дейін жетуі ықтимал.

Биткоинның бір ай бұрынғы бағасы

Биткоин қаңтар айының ортасынан бері алғаш рет 47 мың доллардан асты. Соңғы рет осы деңгейден жоғары криптовалюта саудасы 12 қаңтарда тіркелген еді.
Қаңтардағы ең жоғары көрсеткіш – 48,9 мың долларға жеткеннен кейін, танымал криптовалюта шамамен 20%-ға арзандады.

Кейін баға құбылып, 42-43 мың доллар аралығында қалыптасқан.

Жұмадағы сауда да биткоинның орташа бағасы 46 719 долларды құрады.

Еске сала кетсек, белгісіз адамдар АҚШ Бағалы қағаздар және биржалар комиссиясының (SEC) Х әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) аккаунтын бұзып, биткоинға тікелей инвестиция салуға болатын ETF-тің қосылатыны туралы жалған ақпарат таратқан. Кейін компания бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Айта кетейік, былтыр кіші валюталар әсерінен крипто нарығындағы биткоиннің үлесі 50% төмендеді деп хабарладық.

Қараша айындағы криптовалюта нарығында биткоин құны 50% төмендеді. Ең танымал криптовалютаның бағасы кішігірім валюталардың өсуі әсерінен әлсіреді.

Bloomberg басылымы CoinGecko мәліметіне сүйеніп, , криптовалюта нарығындағы биткоиннің үлесі қазан айындағы 51,5%-дан 49%-ға дейін төмендегенін жазады. 100 ірі цифрлық активтер тізіміндегі 30 орта деңгейдегі валютаның көрсеткіші қарашаның алғашқы күндерінде 14% өсті. Өсу қарқыны бойынша бұл көрсеткіш криптовалютаның кең нарық индексін (қарашада 4% өсті) және биткоинді (1% өсті) айтарлықтай басып озды.

«Кішігірім валюталар өсімі біз қаңтарда байқаған жағдайдан анағұрлым ауқымды және тұрақты», – дейді Digital Asset Capital Management негізін қалаушы Ричард Гэлвин.

2023 жылы қараша айының басында ең күшті крипто валюталардың бірі XRP болды. Ол тәулігіне 14% өсіп, Binance криптовалютасы төртінші орнынан ығыстырды.

Сондай-ақ оқыңыз