Қырғызстандық сот Kloop Media қоғамдық қорын тарату туралы шешім шығарды

Жарияланды (жаңартылды )
Қырғызстандық сот Kloop Media қоғамдық қорын тарату туралы шешім шығарды / Kloop.kg

Бішкек соты Kloop Media қоғамдық қоры яғни Кloop тәуелсіз Қырғыз басылымының заңды тұлғасын тарату туралы шешім қабылдады

2023 жылы жазда прокурорлық талаптан кейін қорға қатысты тергеу жұмыстары басталған. Бішкек прокуроры Эмильбек Әбдіманнапов Kloop басылымы «мемлекеттік және муниципалдық органдардың өкілдерінің беделін түсіруге бағытталған теріс сипатта ақпарат таратады» деп мәлімдеген.

Kloop Media бұл шешімге қарсы жоғары тұрған сотқа шағым жасайтындықтарын мәлімдеді.

Басылым сайты 2023 жылдың қыркүйегінде Қырғызстанда бұғатталды. Сайтты бұғаттауды елдің Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі талап етті. Мұның себебі Кloop-тың оппозициялық саяси белсенділерді азаптау туралы жариялануы болды.

Қырғызстанда «Жалған ақпарат туралы» заң бар. Бұл мемлекеттік органдардың ресми пікіріне сәйкес келмейтін ақпаратты жалған деп тануға және оны тарататын жеке тұлғалар мен бұқаралық ақпарат құралдарын қудалауға мүмкіндік береді.

Kloop басылымы 2007 жылы құрылды. Бұл Қырғызстанның мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлық фактілерін зерттейтін тәуелсіз ресурс.

2023 жылы Қырғызстан дүниежүзілік баспасөз бостандығы индексінде бірден 50 позициясын жоғалтып, 72-ден 122-ші орынға түсті.

Осыған дейін басылым сайтының бұғатталуы туралы шешім үстінен шағым түсіргені туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз