Степногорск тұрғындары тағы да жылусыз қалды

Жарияланды (жаңартылды )
Степногорск тұрғындары тағы да жылусыз қалды / kursiv.media

Ақмола облысы Степногорск қаласындағы ЖЭО жылу энергиясын өндіруді азайтып, тұрғындар тағы да жылусыз қалды. Энергетика министрлігі тексеру жұмыстарын бастады.

«KEGOC» АҚ электр беру желісінің ажыратылуына байланысты Степногорск ЖЭО жылу энергиясын өндіруді азайтты. Жылу электр орталығында технологиялық бұзушылықтар жоқ»,– делінген министрлік хабарламасында.

Қазіргі таңда жылу электр орталығына электр қуатын беру қалпына келтіріліп, жылу желісіндегі температураны көтеру жұмыстары басталып кеткен.

Тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етудің бұзылуын болдырмау үшін желілік судың айналымы ұйымдастырылған.

Аталмыш факті бойынша Энергетика министрлігінің Ядролық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті тексеру жүргізуді бастаған. 

Еске сала кетсек, 10 желтоқсан күні «ЕкібастұзЖылуЭнерго» ЖШС Екібастұз жылу электр орталығында апат болғанын хабарлады. Станцияның күл шығаратын құбырынан ақау шыққан болатын.

Ал 8-ші желтоқсанда Степногорск қаласы жартылай жылусыз қалды. Онда жылу құбырлар жүйесінде апат болған.   

Степногорск қаласы -30 градус аязда жартылай жылусыз қалды. Бұл жайлы Степногорск әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша апатты жағдай 7 желтоқсан күні түнде болған.

«Осы жылдың 7 желтоқсаны күні сағат 21.45-те. Степногорск қаласында Славский мен Целиноград көшелерінің қиылысында Д-600 мм жылу трассасында апатты жағдай болды. Нәтижесінде бірқатар көпқабатты үй жылусыз қалды», – делінген баспасөз хабарламасында.

Оқиға орнына Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов келіп, апат жағдайымен танысқан.

Әкім тапсырмасымен қалпына келтіру жұмыстарын жою және үйлестіру үшін облыс әкімі мен Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қ.Доспаевтың төрағалығымен жедел штаб құрылған.

«Степногорск Теплотранзит» ЖШС мамандары 15 адам және 6 бірлік техника жұмылдырылып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Түнімен жүргізілген жөндей жұмыстары нәтижесінде 8 желтоқсан таңғы 8-де дәнекерлеу жұмыстары аяқталған. Құбыр жүйелеріне су беріле бастаған.

Осы мәселеге байланысты Атырау, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау облыстарының әкімдері Президентке аймақ тұрғындарын жылумен және сумен қамтамасыз ету мәселесі жөнінде есеп берді. Тоқаев оларға апат болған учаскелердегі жағдайды шұғыл реттеп, халықты жылумен және сумен қамту ісін тез арада қалпына келтіруді және барлық елді мекендегі коммуналдық желілердің үздіксіз жұмысын жолға қоюды тапсырды. 

Сондай-ақ оқыңыз