Венгрия презденті Каталин Новак тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді.
Оның бұл шешімге келуіне себеп – педофилді кешіру туралы шешімінен туындаған шерулер мен халықтың наразылығы.
«Мен қателестім. Бүгін президент ретінде соңғы күн сіздерге сөз арнаймын»,– деген Новактың сөзін келтірді Reuters агенттігі.
Венгрияның оппозициялық партиялары, Президентті педофилия ісіне қатысы бар ер адамға кешірім жасау туралы шешіміне қатысты сынға алды.
Президентпен қатар әділет министрі Юдит Варга да қызметінен кетті. Ол Новакқа рақымшылық туралы құжатқа қол қоюға кеңес берген. Видеомәлімдемесінде Венгрия президенті «қателік жібергенін» мойындады.
Еске сала кетсек, 2023 жылдың сәуір айында Каталина Новак Рим Папасының Венгрияға сапарына орай 25 адамға рақымшылық жасады. Өткен аптада рақымшылық жасалғандардың есімі белгілі болды. Бұл тізімнің ішінде бастығының қылмысын жасырғаны үшін сотталған балалар үйі директорының орынбасары болды.
Будапешт маңындағы балалар үйінің директоры балаларды қорлағаны және зорлық-зомбылығы үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.
Үлкен жанжалдан кейін оппозициялық партиялар Каталин Новактың отставкаға кетуді талап етті.
Венгрияның тұңғыш әйел президенті Каталин Новак 2022 жылдың 11 мамырында қызметіне кірісті. Бұл туралы ТАСС MTI ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Бұрынғы мемлекет басшысы Янош Адер Новакке өзінің ресми резиденциясының, Будапештегі бекініс төбесінде орналасқан Шандор сарайының кілтін табыс етті.
«Әрбір венгр маған сене алады, мен де әрбір венгрге сенемін», – деп жазды Новак Facebook парақшасында.
Ресми ұлықтау рәсімі 14 мамырда өтеді. Новак президенттік сайлаудан екі айдан кейін Венгрия конституциясына сәйкес қызметіне кірісті.