Жаңалықтар

Қазақстанда Pepsi өндірушісінің басшылық құрамында өзгерістер болды

В руководство производителя Pepsi в Казахстане произошли изменения
Қазақстанда Pepsi өндірушісінің басшылық құрамында өзгерістер болды / Фото: unsplash

RG Brands Kazakhstan-Pepsi және басқа да алкогольсіз сусындар шығаратын компанияның бас директоры ауысты. Бұл туралы компанияның Қазақстан қор биржасында (KASE) жарияланған құжатында хабарланады.

Компанияның жаңа бас директор болып Зурдинов Муталлип тағайындалды.

Ол «Тұран» университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылдан 2021 жылға дейін Зурдинов Asia Med Engineering LLP-де экономика бойынша қаржы директоры болып жұмыс істеді. 2021 жылдан бастап RG Brands компаниясының экономика жөніндегі директоры қызметін атқарды. 2022 жылдың қараша айындағы жағдай бойынша Зурдинов ECOTERRA-ның бірінші басшысы болды.

Айта кетейік, бұған дейін RG Brands компаниясын Асхат Ағыбаев басқарды.

Қаңтар айының басында «Қазақстанның Даму Банкі» («Бәйтерек «ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) «Нұрбанк» және «Банк ЦентрКредит» бірлесіп «RG Brands Kazakhstan»-ды қаржыландыруды ұсыну жөніндегі үшжақты келісім жасады.

Қаржыландыру жоғары технологиялық өндірістік желілерді сатып алуға, компанияның өндірісі мен сатылуын ұлғайту үшін өндірістік цехты кеңейтуге бағытталды. Сондай – ақ Өзбекстанға өнім экспортын ұлғайтуды жоспарлап отыр.

RG Brands Kazakhstan компаниясының тікелей меншік иесі RG Brands болып табылады, Ол Дубайда тіркелген RG Brands Holding Limited компаниясына тиесілі. Соңғы бенефициар — бизнесмен Қайрат Мәжібаев. Оның байлығы $182 млн-ға бағаланады. Компания сонымен қатар Mirinda, Piala, Lipton, 7up, asu суын, Gracio және DaDa өнімдерін шығарумен айналысады.

Еске сала кетсек, Carrefour сауда желісі PepsiCo тауарларын сатуды тоқтатады деп жазған едік.

Францияның Carrefour ең ірі супермаркеттер желісі алдағы уақытта америкалық PepsiCo Inc компаниясының тауарларын сатуды тоқтатады. Себебі бұл өнімдердің бағасы тым қымбат. Бұл туралы CNN агенттігі хабарлады.

PepsiCo компаниясы ұсынатын өнімдерінің ішінде Pepsi сусындары, 7up және Lay ‘s қытырлақтары енді Carrefour супермаркеттерінде сатылмайды.

«Бағаның өсуіне байланысты біз енді осы брендтің өнімдерін сатпаймыз. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – делінген француздық бөлшек сауда дүкендерінің хабарламасында.

Италия, Испания және Бельгиядағы Carrefour дүкендері америкалық компанияның тауарларын сатуды тоқтатады.

PepsiCo компаниясы, бірнеше ай бойы сауда желісімен келіссөздер жүргізгенін айтты. Олардың ұсынып отырған өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін алдағы уақытта да жұмыс атқаратынын атап өтті.