Ресейде Әблязовтың серіктесіне іздеу салынды

Жарияланды
розыск
Ресейде Әблязовтың серіктесіне іздеу салынды / коллаж kursiv.media

Ресей ІІМ бұған дейін БТА Банкінің активтерін жымқыру ісінде делдал болған, Мұхтар Әблязовтың сыбайласы Александр Поткинге (Белов) іздеу жариялады.

Медиазона мәліметінше, іздеу туралы ақпарат министрлік базасында жарияланған. Поткиннің дәл қандай мақсатпен ізделгені туралы ақпарат жоқ. Оның ағасы Владимир Басмановтың айтуынша, «ресми түрде» Поткинге қарсы іс әлеуметтік желілердегі ескі жазбалары үшін қозғалған болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Мәскеу соты «Русские» ұлтшылдар қозғалысы жетекшілерінің бірі Александр Поткинді жалпы режимдегі колонияға 7,5 жылға соттаған. Оны Мәскеу қалалық соты кейінірек 3,5 жылға дейін қысқартты.

Бұған қоса, сот БТА банктен Александр Поткинге 5 млрд рубль өндіріп беруді қолдаған. Одан 600 мың рубль көлемінде айыппұл өндірілген.

Поткин 2014 жылдың қазан айында Мәскеуде БТА банкі салымшыларынан 5 млрд доллар ұрлау кезінде делдал болды деген күдікпен ұсталған. Ол шетелге қашып кеткен қазақстандық банкир Мұхтар Әблязовтың сыбайласы болды деген күдік болған.

Әблязов ісі

2023 жылы мамыр айының соңында Францияның кассациялық соты қазақстандық экс-банкир Мұхтар Әбілязовке қатысты апелляциялық сот шешімін жарамсыз деп танығанын хабарлаған болатынбыз.

«Сот Париж апелляциялық сотының тергеу мерзімінің ескіруіне байланысты айыптауды тоқтатқан 2022 жылғы желтоқсандағы шешімін бұзады. Сонымен қатар іс қайта қарауды талап етеді», – деп mediapart.fr басылымы кассациялық сот хабарламасын келтіреді.

Еске саламыз, Мұхтар Әблязов 2009 жылы БТА банкі ыдырағаннан кейін Қазақстаннан қашып кеткен. Содан кейін ел билігі оны банктен 7,5 миллиард доллар жымқырды деп айыптаған болатын. Ол қазір Францияда.

2021 жылдың желтоқсанында Франция соты Әблязовты Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты. Алайда 1 жылдан кейін, 2022 жылдың желтоқсанында Францияның босқындар ісі жөніндегі ұлттық соты Әблязовқа Франциядан саяси баспана беруден бас тартқан.

2018 жылы Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Мұхтар Әблязовты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын. Экс-банкирге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28-бабы 3-бөлігі, және 96-бабы, 2-бөлігінің«ж, з» тармақтары бойынша (адам жалдап, кісі өлімін ұйымдастыру) айып тағылып отыр.

2012 жылдың қарашасында The Financial Times мен BBC «Лондонның Жоғарғы соты Әблязовтан қазақстандық БТА банкінің пайдасына 2 млрд доллар өндіру туралы шешім шығарды» деп хабарлаған. Әблязов Англия Жоғарғы сотының екі негізгі шешіміне шағымданғанымен, сотта жеңіліп қалды. Бірінші шешім бойынша Әблязов сотты құрметтемегені үшін 22 айға бас бостандығынан айырылды. Екінші шешім оны тиісті органдарға тапсыру және мүлкі туралы ақпаратты толық ашуды немесе қорғау құқығынан айыруды талап етті

Сондай-ақ оқыңыз