Полиция Қазақстанға Италия мен Польшадан кокаин мен экстази жеткізу жолын жапты

Жарияланды (жаңартылды )
наркотики
Полиция Қазақстанға Италия мен Польшадан кокаин мен экстази жеткізу жолын жапты / polisia.kz

Алматыда полиция Қазақстанға Италия мен Польшадан кокаин мен экстази жеткізу жолын жауып тастады. Есірткі пошта арқылы жіберіліп, оларды тұрмыстық тауарлар мен кофе капсулаларына жасырған. 

Polisia.kz ақпаратына сүйенсек, Қазпошта бөлімшесінде жалпы салмағы 1 кг есірткі, оның ішінде 0,5 кг кокаин және 400 грамнан астам экстази бар пластикалық банкалар орналасқан сәлемдемелер тәркіленген. Бұл үш мыңнан астам бір реттік доза.

Сонымен қатар Алматыдағы жалдамалы пәтерде полиция салмағы 250 грамм кофе капсуласына салынған кокаин тәркіленген.

Шетел азаматы Алматыда үш айға жуық курьер қызметін атқарған.

«Алматыға ол шаруашылық тауарлары ретінде бүркемеленген сәлемдеме түрінде пошта арқылы жіберілген есірткінің сирек түрлерін сату үшін келген», — делінген хабарламада.

Полиция қылмыстың бұл түрі мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске салды.

Бұған дейін жыл басынан бері құқық қорғау және арнаулы органдардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде 14,3 тонна есірткі, соның ішінде 71,5 кг героин, 652 кг синтетикалық есірткі тәркіленгені хабарланды. ІІМ күштері 52 есірткі зертханасын жойып, 85 тонна прекурсор тәркіледі. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекеттері бойынша 37 қылмыстық іс тіркелді. Адам саудасына байланысты 111 қылмыс анықталды.

Ал 11 желтоқсан күні Мәжілісте өткен жиында ІІМ министрі Ержан Сәденов елімізде есірткі бизнесі қалай жүргізілетіні, оған қалай тосқауыл қойылып жатқаны туралы айтып берген. 

Министрдің айтуынша елдегі есірткі ахуалына үш негізгі фактор әсер етеді. Олар – каннабис шикізаты, солтүстік бағыт арқылы өтетін ауған героині және синтетикалық есірткінің таралуы. Соңғы 5 жылда 10 кг-нан 1 тоннаға дейін синтектикалық есірткі тәркіленген. Сондай-ақ қазіргі таңда есірткі қылмысы толығымен кибер кеңістікке көшкен. Бұл бизнестің «көрігі», әсіресе, телеграм-боттарда қызып тұр. Осы орайда министрлік арнайы ІТ мамандарын жұмысқа тартқан. Телеграм арнасындағы 1,3 мың интернет дүкен бұғатталған.

із 4 трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты жойдық. Ал жалпы алғанда еліміз бойынша наркобизнеске қатысты 9 ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. Олардың да ұйымдастырушылары, өзіңіз айтпақшы, нарко барондар ұсталды. 4 трансұлттық қылмыстық ұйымға ТМД елдерінің азаматтары кірген. Қазіргі таңда мұндай топтардың 52 мүшесіне қатысты тергеу жүріп жатыр. Ал 4 трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты 14 адам жауапқа тартылған. Оның 13-і шетел азаматтары», – деді Ішкі істер министрі.

Сондай-ақ оқыңыз