Қазақстаннан «Дружба-Handelsblatt» мұнай құбыры арқылы тасымалданатын мұнай тоқтатылуы мүмкін

Жарияланды (жаңартылды )
Қазақстаннан «Дружба-Handelsblatt» мұнай құбыры арқылы тасымалданатын мұнай тоқтатылуы мүмкін/shutterstock.com

Германия үкіметінің «Роснефть» концернінің Schwedt мұнай өңдеу зауытындағы үлесін мемлекет меншігіне алуы салдарынан Қазақстаннан «Дружба-Handelsblatt» мұнай құбыры арқылы тасымалданатын мұнай тоқтатылуы мүмкін.

Handelsblatt іскерлік басылымының баяндауынша, ел үкіметі Шығыс Германиядағы мұнай өңдеу зауытын ұлттық меншікке айналдыру жоспарын жүзеге асырып жатыр.

Баспасөзде ЕО Ресейге қарсы санкция енгізгеннен кейін, Германия үкіметі басқаратын зауыттағы «Роснефть» компаниясының 54% үлесі қысқа мерзімде мемлекет меншігіне алынып сатылуы мүмкін екені хабарланды.

2024 жылғы наурызда Германия үкіметінің Schwedt мұнай өңдеу зауытындағы «Роснефть Дойчланд» компаниясының акцияларын сенімгерлік басқару мерзімі аяқталады. Таяуда «Роснефть Дойчланд» басқарма төрағасы Йоханнес Бреммер Астанаға келіп, ҚМГ басшысы Мағзұм Мырзағалиевпен келіссөз жүргізді.

Қазіргі уақытта «Дружба» мұнай құбырының солтүстік желісі арқылы Германияға тек Қазақстанның ғана мұнайы жеткізіліп жатыр. 2023 жылы аты аталған мұнай құбыры арқылы 1 млн тонна мұнай тасымалданды. Германия қазақстандық мұнайдың негізгі көлемін Италияның Триест порты арқылы импорттайды. Мұнай TAL құбыры арқылы жөнелтіледі.

Германия Экономика министрлігінің мемлекеттік хатшысы Михаэль Келлнер Schwedt мұнай жеткізу бойынша Қазақстан және Польшамен келіссөз жүргізіп жатқанын жариялады.

Handelsblatt Schwedt мұнай өңдеу зауытында Gazprom Deutschland фирмасындағыдай жағдай орнаса, Ресей тарапы зауытқа Қазақстаннан «Дружба-Handelsblatt» мұнай құбыры арқылы шикізат жеткізуді тоқтатуы ықтимал екенін жазды.

«Ресей мұнайы Германияға «Дружба» құбыры арқылы өтеді, ал Қазақстан өз мұнайының дәл осындай көлемін Қытайға жөнелтеді. Оны «Ресей мұнайы» деп атайтыны ашық құпия», – деп жазды Handelsblatt.

«ҚазТрансОйл» биыл «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы Германияға 1,2 млн тонна мұнай жеткізу үшін «Адамова застава» мұнай жеткізу пунктінің қызметіне жүгінуді жоспарлап отыр.

Естеріңізге салайық, 2023 жылғы тамызда «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» АОЗТ компаниясының ресурстарын «Адамова застава» (Германия) бағытына жеткізу үшін Самара ПСН бағыты бойынша мұнайдың 100 мың тонна көлемін тасымалдауды көздейтінін мәлімдеді.

«2023 жылғы 31 шілдеде Қазақстан мен Ресей шекарасында қабылдауға және жеткізуге арналған маршруттық бағыт бекітілді. 2023 жылғы 3-5 тамыз аралығында Б. Шаған ЖЗҚ-да шығарылған маршруттық бағыт негізінде тәуліктік кестеге сәйкес 11,6 мың тонна мұнай қабылданды. Ал мұнайдың қалған көлемі 6-29 тамыз аралығында қабылданады», – деп хабарлады сол кезде ҚР Энергетика министрлігі.

Қазақстан Германияға қаңтар айында қанша тонна мұнай жеткізді?

«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан 2024 жылдың алғашқы айында Германияға алдын ала жоспарланғандай мұнай жөнелтті. Яғни 100 мың тонна мұнай жіберілген.

«Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша қазақстандық мұнайды Германияға одан әрі жеткізу үшін «Адамова застава»
мұнай тапсыру пунктінің бағыты бойынша тасымалдау көлемі 2024 жылғы қаңтарда 100 мың тоннаны құрады», – делінді хабарламада.

Жоспар бойынша 2024 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Германияға 1,2 млн тоннаға дейін мұнай жеткізу үшін «Адамова застава» мұнай тапсыру пунктінің бағытын қолданбақшы.

Қазақстан өз мұнайын экспорттау бағытын әртараптандыру шеңберінде «Дружба» мұнай құбырын пайдаланады. Сол арқылы Германияға мұнай жеткізуге басымдық беріп отыр. Былтыр энергетика министрі Қазақстан Германияға мұнай экспортын жылына 1,2 млн тоннадан 2 млн тоннаға дейін арттыратын айтқан.

Бұған дейін Қазақстан мұнайын «Дружба» құбыры арқылы тасымалдау құны қымбаттауы мүмкін екенін жазған болатынбыз. Беларусьтің қазақ мұнайын Еуропаға тасымалдау тарифін 43%-ға қымбаттатуды ұсынғанын да жариялағанбыз.

«Дружба» мұнай құбырында Минск тарифін 43%-ға, ал Ресейдегі тарифті 14,543%-ға көтеруді ұсынып отырғаны нақтыланған.

Сондай-ақ оқыңыз