Қазақстандық компаниялардың LSE мен NASDAQ биржасында саудаланатын бағалы қағаздары қымбаттады

Жарияланды
Шығарушы редактор
LSE мен NASDAQ  биржасында қазақстандық акцилар қымбаттады
LSE мен NASDAQ-та қазақстандық компаниялардың акцилары қымбаттады. Фото: shutterstock

Қазақстандық компаниялардың әлемдік қор нарығында саудаланатын акциялары кеше біршама өсті. Әсіресе Лондон қор биржасына (LSE) шыққан Air Astana компаниянының бағалы қағаздары бірінші сауда күні 5,26% қымбаттаған. Бұл туралы Қазақстан миноритар акционерлері қауымдастығының телеграм-арнасы жазды.

Сауда-саттық барысында әуе компаниясының ғаламдық депозитарлық қолхаттарына (ҒДҚ) ұсылынған ең жоғары баға – $10,15, ең төменгі – 9,89 болып, ең соңғы бағасы $10 көлемінде қалыптасты. Бір күндегі сауда-саттық көлемі $4,9 млн құрады.

LSE-де саудаланатын Kaspi ҒДҚ-лары 15 ақпанда 3,32% қымбаттап, 3,32%-дан сатылды. Финтех тобының бағалы қағаздарына ұсынылған ең төменгі баға 91 доллар болса, ең жоғары көрсеткіш $94,4 болды. Сауда-саттық көлемі $1, 3 млн құраған.

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының бағалы қағаздары 1,29% өсім байқатып, ең соңғы бағасы – $43,1 деңгейінде саудаланды. Бұл күні сатылған бағалы қағаз көлемі $219 мың құрады.

Halyk тобы акциларының бағасы бұл күні өзгермеген. Ең соңғы бағасы $16,3 деңгейінше қалыптасып, $969 мың көлемінде сауда-саттық жасалған.

Kaspi тобының NASDAQ биржасына 2024 жылдың қаңтарында орналастырылған бағалы қағаздары да өсім көрсеткен. Топтың ҒДҚ-лары 3,67% қосып, кешегі саудада 94,34 доллардан саудаланған. Сауда-саттық көлемі – $1,15 млн.

15 ақпанда Air Astanа алғашқы IPO-сының қорытындысын жариялаған болатын. «Эйр Астана» тобы акцияларын бір мезгілде үш биржа: LSE, KASЕ мен AIХ-те орналастырды.

Жария орналастыру шеңберінде 3 сатушы тарап: «Самұрық-Қазына» АҚ, BAE Systems PLC және компанияның өзі 370 млн доллар қаржы тартқан. Жеке инвесторлардан түскен өтінімдердің 97,8 %-ы қанағаттандырылды. IPO барысында компания құны шамамен 847 миллион долларды құрады.

Осы орайда Air Astana тобы әуекомпания акцияларын лицензиясы бар брокерлерден сатып алуға болатынын хабарлайды. Лицензиясы жоқ алаяқтардан сақ болу керек.  Брокерлер тізіміен kase.kz және aix.kz қор биржаларының сайттарында танысуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз