Путин Kaspi акционері Baring Vostok активтерін сатуды мақұлдады 

Жарияланды (жаңартылды )
Путин Kaspi акционері Baring Vostok активтерін сатуды мақұлдады  / shutterstock

Ресей президенті Владимир Путин Baring Vostok, Ozon Holdings Plc және «Ренессанс сақтандыру тобының» акцияларын сатылымға шығаруға рұқсат беру туралы бұйрыққа қол қойды.

Бұйрыққа сәйкес, қазақстандық Kaspi.kz компаниясының акциясына ие Baring Vostok қорының активтері де сатылымға шығады.

«Восток инвестиция» инвестициялық компаниясы Майкл Калвидің Baring Vostok құрылымдарынан ресейлік бизнесті сатып алуға Ресей билігінің барлық қажетті рұқсаттарын алды. Бұл құжат 12 компания туралы. Сатылымға шығару инвестицияларды бақылауды жүзеге асыру жөніндегі үкіметтік комиссиядан тиісті рұқсат алу арқылы жүзеге асырылды», – деп жазады РБК

Baring Vostok және Kaspi 

Сондай-ақ Kaspi.kz-тің 26,13%, Kolesa.kz-тің 39,76% акциясы Baring қорына тиесілі. Шілде айында қор осы үлесін Kaspi.kz-ке сатуға келісті. Kaspi Kolesa Group акцияларының 39,76% Baring Private Equity Fund V. компаниясынан 88,5 миллион долларға сатып алады. Kolesa.kz және Krisha.kz. мәмілесінің бағасы 88,5 млн доллар (шамамен 39 млрд теңге) құрайды. Kolesa Group автокөлік және жылжымайтын мүлік туралы хабарландыру сайттарына ие. Kolesa.kz және Krisha.kz, сондай-ақ Өзбекстандағы автомобильдер туралы хабарландырулардың интернет-сайты Avtoelon.uz. 

Бұдан бөлек, осыған дейін Майкл Калвиді қоса алғанда, Baring Private Equity қорлары халықаралық компанияларға инвестиция салғанын жазған едік. Олардың қатарында: Kaspi.kz, BlaBlaCar және Kolesa.kz болған.

Ресей билігі америкалық кәсіпкер Майкл Калвиге тиесілі Baring Vostok инвестициялық қорының жергілікті бизнесін бөлуге кедергі келтіріп отырғанын жазған едік. Даудың басы 2021 жылдан бастап қазақстандық нарықта жұмыс істейтін Ozon маркетплейсінің болашақ иесі төңірегінде болып отыр.

Baring бизнесін бөлетіні жайлы өткен жылдың соңында белгілі болды. Сол кезде нарық қатысушылары қордың негізгі портфельдік активтері екі басқарушы компания арасында бөлінетінін айтқан болатын. Яғни Калви басқаратын Baring Private Equity-ке халықаралық компаниялардағы үлес қалады делінген. Оның ішінде Kaspi.kz, Kolesa.kz және BlaBlaCar бар.

Ал ресейлік «Восток Инвестиции» ресейлік фирмалардың акциялар пакетіне ие болу керек-тін. Ол жерде Ozon-нан басқа басты – «Солофарм» фармацевтикалық компания, SkyEng онлайн тіл үйрету мектебі, Familia сән дискаунтерлер желісі және «ВкусВилл» салауатты тамақтану дүкендері (2023 жылдан бастап кейбір азық-түліктерін Қазақстанға да әкеледі) бар.

Елена Иващенцова басшылық ететін ресейлік Baring Vostok топ-менеджмент «Восток Инвестицияға» иелік етіп, басқаратыны болжанған еді. Сонымен қатар компания шамамен 140 млн доллар болатын жалпы қарыздық міндеттемелердің бір бөлігін өз мойнына алуы керек болды (ол Baring-тің бас құрылымына тағы 150 млн доллар төлеуі керек еді).

Алайда басылым жазғандай, мұндай ірі компанияның ортақ иесі ретінде басқа тұлғаларды көргісі келетін Ресей президент әкімшілігіне бұл ұнамайды. Басқа тұлғаның бірі – «Мегафон» байланыс операторының бұрынғы басшысы және Алишер Усмановтың USM холдингінің топ-менеджері Иван Таврин. Оқиғаның одан әрі өрбуінің тағы бірден-бір нұсқасы – Baring Vostok-тың активтерінің барлығын немесе ресейлік бөлігін мемлекет меншігіне беру.

Сондай-ақ оқыңыз