Жаңалықтар

Рейстер кешігіп жатыр: 180-нен астам жолаушы қонақүйге орналастырылған

кешігіп
Алматыта shutterstock және freepik

Алматы әуежайында рейстер тағы да кешігіп жатыр. Алматы халықаралық әуежайы мен Air Astana әуе компаниясы ұшу кестесін қалпына келтіруге тырысуда. Оңтүстік астана мен елорда әуежайынан 180 жолаушы діттеген жеріне жете алмай қалған.

Айта кетейік, 16 ақпанда Алматыдағы қолайсыз ауа райына байланысты рейстер кешіккен. Алматы әуежайынан 12 рейс бойынша әуе кемелері ұша алмай қалды. 

Алматы қаласы мен облысында ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның басқа өңірлерінде де күн райы бұзылған. Атап айтқанда, Астана, Семей қаласы және Қарағанды мен Ақтөбе облыстарында ауа райы нашарлаған. 

Әуежай мәліметтеріне сәйкес, Air Astana, FlyArystan, Qazaq Air және Qatar Airways рейстері кешігіп, кейінге қалдырылған.

Кеше түскен қалың қардан ұшу-қону жолағы және ұшақтарды мұздан тазарту үшін қосымша уақыт қажет болған. Бұл ұшақтардың өзге аймақтардан ұшып келуіне де әсер еткен.

Қонған кейбір ұшақтар жермен жүру жолында қалған. Өйткені тұрақ халықаралық және отандық әуекомпаниялардың таңертеңгі және күндізгі рейстерін орындаған ұшақтарға толы болды.

Бұл жағдай бүгінгі күнге дейін рейстердің тізбекті кешігуіне әкеп соқты. Рейстердің кешігуі жолаушылардың наразылығын тудырып отыр. Форс-мажор жағдайға байланысты техника, баспалдақтар, автобустар, жолжүк транспортирлеріне қосымша жүктеме түсіп, бұл өз кезегінде жолжүкті түсіруді кідірткен.


«Air Astana, FlyArystan авиакомпаниялары және әуежай қызметі жақын арада кестені қалпына келтіру үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Кешіккен рейстердің жолаушыларына тамақ пен сусын берілді. Алматыда 70-тен астам жолаушы және Астанада 90 жолаушы қонақүйлерге орналастырылды. Call Centre-ге қосымша қызметкерлер тартылды. Біз рейстердің кешігуі жолаушыларға қолайсыздық әкелетінін түсінеміз, бірақ ауа-райы әуе компанияларының кестесіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін, өйткені бізге қауіпсіздік маңызды», – деді Air Astana әуекомпаниясының жерүсті қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Александр Небога.

Air Astana әуе компаиясының тәулік бойы көмек көрсетуге арналған: +7 727 244 4477, +7 7172 584477, +7 702 702 4477 арқылы байланысуға болады.
Рейстердің кешігу мәселелері бойынша жедел желі: +7 7272 44 44 78. WhatsApp: +7 702 702 00 74