Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 8 өңіріндегі 15 тас жолында көлік қозғалысына шектеу енгізілген. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлайды.
Қалың қар мен бұрқасын салдарынан Абай облысында жалпы ұзындығы 411 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында:
- «Омбы-Майқапшағай» – Қалбатау а.-Боғас а.
- «Қарағанды-Аягөз-Боғас» – Аягөз қ.-Боғас ауылы аралығында жол жабық.
Қар түсіп, күннің қатты суып кетуі себебінен Алматы облысында жалпы ұзындығы 99 шақырым болатын 2 автомобиль жолында:
- «Алматау турбазасына кіреберіс аймақ»;
- «Алматы-Ташкент-Термез» – Жаңақұрылыс-Жамбыл обл.шекарасында қозғалыс шектелген.
Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, жол көрінбейді және қар көшкіні қаупі бар. Соған байланысты жалпы ұзындығы 589 шақырымды құрайтын 4 автомобиль жолында:
- «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» Белоусовка к.-Риддер қ;
- «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары»;
- «Омбы-Майқапшағай» – Абай обл.шекарасы-Зайсан қ.-Үлкен Қаратал а.-ҚХР шекарасы;
- «Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Марқакөл» Дайыр а.-Марқакөл ауылы аралығында жол жабық.
Жамбыл облысында да ауа райының қолайсыздығы салдарынан «Алматы-Ташкент-Термез» Алматы обл.шекарасы-Қайнар ауылы маңында көліктер балама жол – ескі Қордай асуы арқылы өтіп жатыр.
Жетісу облысында да жол көрінбей тұр. Сондықтан «Үшарал-Достық» Көктума бекеті -Достық бекеті, «Сарыөзек-Көктал» Алтын Емел асуында 123 шақырым жолда қозғалыс шектелген.
Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты, Қостанайдың жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын «Жезқазған-Петропавл» Ұлытау облысы шекарасы-Арқалық қаласы аралығы жабық.
Жел мен бұрқасын себебінен Солтүстік Қазақстан облысында жалпы ұзындығы 230 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында:
- «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» Возвышенка а.-Рощинское ауылы;
- «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы (Омбы)» Кішкене көл-РФ шекарасы аралығында қозғалыс шектелген.
Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында «Жезқазған-Петропавл» Ұлытау кенті -Қостанай обл.шекарасында қозғалыс шектелген.
Қазіргі уақытта республикалық маңыздағы автожолдарды күтіп ұстауға 336 арнайы техника мен 539 қызметкер жұмылдырылған.
Боранға байланысты қар құрсауында қалғандар көп. ТЖМ адамдарды тікұшақпен құтқарып жатыр.