АҚШ-тың Mondelez компаниясы Ресейдегі кәсіптің басшысын корпоративті бойкоттан кейін өзгертті. Компания Oreo, Barney, Alpen Gold және Milka өнімдерін шығарады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Mondelez еуропалық филиалының атқарушы директоры Винс Грубер ресейлік бөлімшені «автономды ұйым» деп атады. Сонымен қатар, кәсіпорынның жаңа бас менеджері Алексей Блиновтың тағайындалғаны туралы хабарлады.
Mondelez еуропалық бизнесті кіші субаймақтар мен жекелеген елдерге жауап беретін 14 «коммерциялық бөлімшеге» бөлді. Грубердің айтуынша, Ресейде сатылатын компанияның өнімдері сол елде шығарылады. Енді Еуропадан Ресейге бұл дайын өнімдерді импорттамайды. Сондай-ақ, Ресейден Еуропаға экспорттамайды.
Корпоративтік басқару жөніндегі сарапшы және ValueEdge Advisors төрағасының орынбасары Нелл Мейноу піаір білдірді. Ол бұл өзгерістерді «мағынасы жоқ уақытша шешім» деп атады.
Бұған дейін Украинаның сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі ұлттық агенттігінің өкілдері Nestle компаниясын «халықаралық соғысқа демеушілік жасады»деп айыптаған.
Nestle-ден басқа, «халықаралық соғыс демеушілері» тізімінде Mondelez International, PepsiCo және Unilever сияқты басқа да ірі компаниялар бар.
Еске сала кетсек, Mondelēz International өз өніміне халал стандарты сертификатын алды деп хабарлаған болатынбыз.
Mondelēz International компания тобы Қазақстан, Өзбекстан және «Еуразия» бөлімшесінің басқа да елдерінде сатылатын Alpen Gold, Milka, «Медвежонок Барни», Oreo, Dirol, Toblerone және өзге брендтерінің негізгі өніміне Халал сертификатын алды. Өнім GSO 2055-2:2021, U2AE.S 2055-2.2016 және OIC/SMIIC 2:2019 халықаралық талаптарына сәйкес сертификатталған. Сондай-ақ тұтынушыларға Рамазан айына Mondelez өнімі салынған арнайы мерекелік жинақтар ұсынылды.
«Mondelēz International біз өз тұтынушыларымыздың өзгермелі қалауларын әрдайым бақылап отырамыз,-деді коммерциялық стратегия басшысы Ольга Синицкая.
Оның айтуынша, Орталық Азия елдерінде жыл өткен сайын көп тұтынушылар халал сертификатының болуына назар аударатынын көріп отыр.
Әлемдегі Mondelēz International компаниясы
Mondelēz International, Inc. (NASDAQ: MDLZ) әлемнің 150-ден астам елінде адамдарды дұрыс тамақтануға шабыттандырады. Компанияның 2022 жылғы таза кірісі шамамен 29 миллиард АҚШ долларын құрады. MDLZ аңызға айналған, келесідей жаһандық және жергілікті брендтердің арқасында бүкіл әлемде снекингтің болашағын жасайды: OREO, belVita және LU печеньесі. Cadbury Dairy Milk, Milka және Toblerone шоколады. Sour Patch Kids мұз кәмпиттері және Trident сағызы. Mondelēz International Standard and Poor’s 500, Nasdaq 100 және Dow Jones Sustainability Index рейтингтерінде бар екенін мақтан тұтады.