Германия қазақстандық мұнай көлемін арттыруға мүдделі

Жарияланды (жаңартылды )
Германия қазақстандық мұнайды жеткізу көлемін ұлғайтуға мүдделі/ Фото: ҚазТранСойл

Германия «Дружба» магистральдық мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнайды жеткізу көлемін айына 200 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүдделі. Мамыр айынан қазанға дейін Германияға мұнай экспортының ай сайынғы көлемі 100 мың тоннаны құрады. Ал қараша айында 154 мың тонна жеткізілді. 2023 жылы Қазақстан Еуроодаққа мұнайдың барлық экспорттық көлемінің жартысынан астамын — 46,6 млн тоннаны жеткізді. Бұл туралы Румынияның Аdevural газетіне берген сұхбатында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.

«2023 жылдың қорытындысы бойынша Германия бағытында 993 мың тонна тасымалданды. Неміс тарапы қазақстандық мұнайды жеткізу көлемін жылына 2,4 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүдделілігін білдіреді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық мұнайдың Еуропалық Одақ елдеріне экспорты 46,6 млн тоннаны немесе бүкіл қазақстандық мұнай экспортының 66%-ын құрады. Қазақстандық мұнайдың жалпы экспорты 70,5 млн тоннаны болды», – деп атап өтті Энергетика министрлігінің басшысы.

2023 жылы Германияға» Дружба» бойынша «Шведт» МӨЗ бағытында 1,2 млн тонна мұнай жеткізілді.

Министрдің айтуынша, неміс тарапы мұнай жеткізу көлемін жылына 2 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүдделілігін растады. Негізінен қазақстандық мұнай Италия, Франция, Нидерланд, Румыния, Испанияға және Еуроодақтың басқа елдеріне экспортталады. 2021 жылы Қазақстан Еуропаға 49 млн тонна, 2022 жылы – 45 млн тонна мұнай жеткізген. 2023 жылы – 52 млн тонна мұнай экспорттады.

«Қазақстан Еуропа үшін мұнайдың сенімді жеткізушісі. Оның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ осындай ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз. Еуропадағы қазақстандық мұнайдың негізгі тұтынушылары Италия, Нидерланды, Греция, Франция, Түркия және Испания болып табылады», — деп толықтырды Сәтқалиев.

«ҚазТрансОйл» 2022 жылғы желтоқсан айында «Транснефть» пен Германияға «Дружба» бойынша 1,2 млн тонна қазақстандық мұнай жеткізу туралы келісті. Жеткізу қаңтар айында басталады деп жоспарланған болатын. Бірақ іс жүзінде олар тек ақпан айында, 20 мың тонна жеткізілген кезде басталды. Наурыз айында Германияға тағы 20 мың тонна мұнай жөнелтілді. Сәуір айында 50 мың тонна және мамырда ғана жоспарланған 100 мың тоннаға қол жеткізілді.

Мұнай жеткізілімі

Еске сала кетсек, Қазақстаннан «Дружба-Handelsblatt» мұнай құбыры арқылы тасымалданатын мұнай тоқтатылуы мүмкін деп жазған едік.

Германия үкіметінің «Роснефть» концернінің Schwedt мұнай өңдеу зауытындағы үлесін мемлекет меншігіне алуы салдарынан Қазақстаннан «Дружба-Handelsblatt» мұнай құбыры арқылы тасымалданатын мұнай тоқтатылуы мүмкін.

Handelsblatt баяндауынша, ел үкіметі Шығыс Германиядағы мұнай өңдеу зауытын ұлттық меншікке айналдыру жоспарын жүзеге асырып жатыр.

Баспасөзде ЕО Ресейге қарсы санкция енгізгеннен кейін, Германия үкіметі басқаратын зауыттағы «Роснефть» компаниясының 54% үлесі қысқа мерзімде мемлекет меншігіне алынып сатылуы мүмкін екені хабарланды.

2024 жылы наурызда Германия үкіметінің Schwedt мұнай өңдеу зауытындағы «Роснефть Дойчланд» компаниясының акцияларын сенімгерлік басқару мерзімі аяқталады. Таяуда «Роснефть Дойчланд» басқарма төрағасы Йоханнес Бреммер Астанаға келіп, ҚМГ басшысы Мағзұм Мырзағалиевпен келіссөз жүргізді.

«Дружба» мұнай құбырының солтүстік желісі арқылы Германияға тек Қазақстанның ғана мұнайы жеткізілды. 2023 жылы аты аталған мұнай құбыры арқылы 1 млн тонна мұнай тасымалданды. Германия қазақстандық мұнайдың негізгі көлемін Италияның Триест порты арқылы импорттайды. Мұнай TAL құбыры арқылы жөнелтіледі.

Сондай-ақ оқыңыз