«Атакент» орталығы әлемдік деңгейдегі спорт нысанын салу үшін 3 млрд теңге қарыз алды

Жарияланды
Шығарушы редактор
"Атакент" орталығы
«Атакент» орталығы қанша қарыз алды? Фото: kursiv.media

«Атакент» Қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығы» әлемдік деңгейдегі спорт нысандарын салу үшін 3 млрд теңге қарыз алды. Несиені Еуропа қайта құру және даму банкі мен Shinhan Bank Kazakhstan берген. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қос банк берілген несие тәуекелін бірлесіп көтереді. Бірінші транзакцияға «Атакент» орталығы халықаралық деңгейдегі спорт жарыстары өтетін нысан салады.

3 млрд теңге несиеден бөлек, энергия үнемдейтін шешімдерді енгізуге $172,2 мың көлеміндегі ЖЭҚ гранты берілген.

«ЕҚДБ Кореяның Shinhan Bank еншілес ұйымы – SBK екі банк арасындағы тәуекелді бөлу туралы келісім бойынша, «Атакентке» берген 3 миллиард теңге ($6,6 млн) несие тәуекелінің жартысын бөліседі. ЕҚДБ мен SBK арасындағы тәуекелді бөлісу бойынша бірінші транзакция Орталық Азияның жетекші конференциялық хабына ұлттық және халықаралық спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік беретін жаңа спорт және сауықтыру нысанының құрылысын қаржыландырады», – делінген хабарламада.


«Дельфин» спорт кешенінде заманауи тренажер залы, әртүрлі жабық және ашық жаттығу залы, 25 метрлік екі бассейн, сондай-ақ кең ауқымды спорт түрлеріне арналған әлемдік деңгейдегі ареналар болады. Онда кәсіби спортшылар мен жалпы жұртшылық жаттыға алады.

Ал ЕҚДБ-ның ресурс тиімділігін трансформациялау бағдарламасы аясындағы $172,2 мың гранты есебінен салынып жатқан ғимарат энергия тиімділігінің халықаралық стандарттарына сәйкес келеді. Грант жарықдиодты жарықтандыру, оқшаулау және заманауи жылыту және салқындату жабдықтарын қоса алғанда, энергияны үнемдейтін шешімдер жиынтығын енгізуге ықпал етеді.

ЕҚДБ қазір Қазақстанда тәуекелдерді бөлісу бойынша жалпы құны 7,4 млрд теңгені құрайтын 9 транзакцияға қатысып отыр. Тәуекелді серіктес банктермен бөлісе отырып, ЕҚДБ жергілікті банктердің қаржысына қол жеткізе алмаған ШОБ-ты несиелеу мүмкіндігін арттырады. Сондай-ақ, банктерге тәуекелдерді қабылдау қабілетін арттыру, капиталды жеңілдету және тәуекелдерді басқаруды жақсартуға көмектеседі.

Бұған дейін ЕҚДБ Көкшетаудағы аурухана құрылысына 110 млн еуро қарыз беретіні белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз