Қытай жылжымайтын мүлік нарығын жандандыру мақсатында ипотекалық мөлшерлемені төмендетті

Жарияланды
Қытай ипотекалық мөлшерлемені
Қытай ипотекалық мөлшерлемені 3,95%-ға дейін төмендетті / Фото: kursiv.media

Қытай жылжымайтын мүлік нарығын жандандыру үшін ипотекалық мөлшерлемені төмендетіп жатыр. Бұл жайлы Reuters басылымы жазды.

Басылым хабарлауынша, Қытай өзінің эталондық ипотекалық мөлшерлемесін айтарлықтай төмендеткен. Бұл шаралар несиеге сұранысты ынталандыру және жылжымайтын мүлік нарығын жандандыру мақсатында қолға алынған.

Жалпы депозиттер бойынша мөлшерлемені төмендету және айдың басында банктік резервтерді қысқарту шараларынан кейін, Қытайдың коммерциялық банктерінің таза пайыздық табысын арттыруына жол ашқан. Бұл өз кезегінде кредиторлардың экономиканы қолдау үшін қарыз алу шығындарын төмендетуге мүмкіндік берді.

Солайша Қытайда бес жылдық негізгі несие мөлшерлемесі бұрынғы 4,20% болса, қазір 3,95%-ға дейін яғни 25 базистік тармаққа төмендетілген. Ал бір жылдық несие мөлшерлемесі өзгеріссіз 3,45% деңгейінде қалған.

Басылым мәліметінше бұл көрсеткіш Қытайдың 2019 жылы несиеге бағаны белгілеу механизмін жаңартқаннан бергі ең үлкен қысқарту саналады.

«Мөлшерлеменің бұлайша төмендеуі саясаткерлердің ел экономикасын ынталандыруғ мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді. Бұл тәуекелге бағытталған валюталарға, соның ішінде австралиялық долларға қолдау көрсетуі керек. Брақ бұл тұрақты серпінді сақтау үшін жеткілікті ме, жоқ па, оны уақыт көрсетеді», – дейді Сингапурдағы Oversea-Chinese Banking валюталық стратегі Кристофер Вонг.

Еске сала кетсек, өткен жылдың тамыз айында Қытай орталық банкі базалық мөлшерлемені төмендеткен. Осылайша бұл елде базалық мөлшерлеме соңғы үш айда екінші рет төмендетілді.

Ақша-кредит саясатының негізгі индикаторы болып саналатын жылдық несие мөлшерлемесінің (y-year loan Prime rate, LPR) жаңа мәні — 3,45%. Төмендеу 10 базистік тармақты құрады — маусым айында өткен Қытай Халық банкінің отырысында да осындай шешім қабылданған болатын. Индикатор орта мерзімді кредиттеу бағдарламасы (MLF) бойынша ҚХБ жылдық мөлшерлемесін бағдар ретінде пайдаланатын коммерциялық банктер тобының ставкалары негізінде есептеледі.

Сонымен қатар елдегі ипотека құнына байланған бес жылдық несиелер бойынша мөлшерлеме бұрынғы деңгейде қалды – жылдық 4,2% құраған.

Сондай-ақ оқыңыз