Citigroup бас атқарушы директордың жалақысын 26 млн долларға дейін көтерді
Citigroup компаниясы бас атқарушы директоры Джейн Фрейзердің жалақысын 26 миллион долларға дейін көтерді. Фрейзер Citigroup-ты үш жыл бойы басқарған кезде, компанияны әлемдегі ең ірі қаржы мекемесінің бизнесін оңтайландыру және жеңілдету міндетімен айналысқан. Басшының атқарған ісіне компанияның көңілі толған.
Bloombergтің хабарлауынша, 2023 жылы америкалық банк Фрейзерге 1,5 миллион доллар жалақы төледі. Сонымен қатар, Citigroup басшысы тағы 24,5 миллион доллар акция ретінде және ақшалай сыйақы да алды.
Citi өз мәлімдемесінде Фрейзердің бизнесті оңтайландыру жоспарын 2008 жылғы қаржылық дағдарыстан кейінгі «ұйымдық және басқару моделіндегі өзгерістердің ең маңызды жиынтығы» деп атады.
Business Insider мәліметінше, бұл ұйымдық өзгерістер, банкті бес бизнес бірлікке бөлуді қарастырады. Яғни қызметтер, сауда, жеке банкинг, банк ісі және активтерді басқару.
Bloombergтің мәліметі бойынша, банк 2023 жылы жоғары басшылықтағы лауазымдардың 10%-ын қысқартты. Citi Фрейзердің өткен жылғы кірісі төмендеген компанияда әлі де «айтарлықтай қосымша жұмыс» жасау қажет деп атап өтті.
«Фрейзердің стратегиялары ақылға қонымды. Ол ұзақ мерзімді тұрақты өсуді, кірістілікті, қауіпсіздік пен сенімділікті арттыруды қамтамасыз ету мақсатында стратегияларын дұрыс жүзеге асырады»-делінген Citigroup Директорлар Кеңесінің сыйақы комитетінде.
«Citi бұл мақсаттарға 2023 жылы қол жеткізгенімен, оның қайта құрылымдау жоспары банктің пайдасын әлі көтерген жоқ»,- деп атап өтті The Wall Street Journal.
2023 жылы таза пайда бір акцияға 38%-ға, яғни 4,04 долларға дейін төмендеді. Бұл ішінара бір реттік қысқарту шығындарына байланысты.
Фрейзер-екінші жыл қатарынан жалақысы өсіп келе жатқан ірі америкалық Банктің жалғыз бас атқарушы директоры. Бұл ретте оның сыйақысы әріптестер арасында ең төмен. Goldman Sachs бас директоры Дэвид Соломон өткен жылы 31 миллион доллар , JPMorgan Chase басшысы Джейми Даймон 36 миллион доллар, ал Morgan Stanley бас директоры Джеймс Горман 37 миллион доллар алған болатын.
Акция
Citigroup-тың нарықтық құны осы жылдың басынан бастап S&P 500 индексінің 4,9% өсуімен 4,5% – ға өсті. Соңғы 12 айда банктің акциялары 11,2% – ға қымбаттады.
Еске сала кетсек, Citi және Morgan Stanley 2024 жылы сатып алуға тұрарлық акцияларды атады деп жазған едік.