Occidental компаниясы Western Midstream-нің $20 миллиард үлесін сатуға ниетті

Жарияланды
Occidental компаниясы Western Midstream-нің үлесін сатуға ниетті/ Фото: Mike Benna/Unsplash

Occidental Petroleum мұнай-газ компаниясы америкалық құбыр операторы Western Midstream Partners-ті сату мүмкіндігін зерттеп жатыр. Оның нарықтық құны қарызды қоса алғанда 20 миллиард долларды құрады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, бұл Occidental компаниясының 18,5 миллиард доллар көлеміндегі қарыз жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Reuters ақпаратына сүйенсек, Occidental компаниясының мәміле бойынша кеңесшісі JPMorgan Chase. Сондай -ақ, Western Midstream ең алдымен бәсекелестері-Enterprise Products Partners, Williams Companies және Kinder Morgan компанияларының қызығушылығын арттырып отыр. Сонымен қатар, жеке инвестициялық компаниялар мен инфрақұрылым қорлар да компанияға қызығушылық танытуы мүмкін.

Мәміле туралы ақпарат

Reuters агенттігі бұл жағдаймен таныс дереккөздерге сілтеме жасай отырып, мәміле болмауы да мүмкін екендігін айтады. Сондай-ақ, Western Midstream, Occidental, JPMorgan, Enterprise Products, Williams Companies және Kinder Morgan өкілдері агенттікке ықтимал сату туралы хабарламаға түсініктеме берген жоқ.

Occidental компаниясына бұл мәміле не үшін қажет

Өткен аптада Occidental компанияның жалпы қарызын $15 млрд-тан төмен деңгейге дейін қысқартуға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл ретте компанияда АҚШ-тың оңтүстік-батысындағы Пермь мұнай-газ бассейнінде жердің бір бөлігін сата туралы сөз болды. Алайда бұл туралы нақты шешім CrownRock  мұнай-газ компаниясын $12 млрд-қа сатып алу жөніндегі мәміле аяқталғаннан кейін ғана қабылданады.

Айта кетейік, Occidental бұл келісімге өткен жылдың желтоқсан айында қол қойды. Бұл сатып алу төрт жыл бұрын Anadarko Petroleum-ды 54 миллиард долларға сатып алу несиесін төлеп бітпенген компанияның қарыз жүктемесін арттырады деп күтілуде. Бірақ осы мәміленің нәтижесінде Occidental дәл Western Midstream иесі болды.

Агенттіктің хабарлауынша, 2023 жылы ONEOK Magellan Midstream-ді қарызды қоса алғанда 18,8 миллиард долларға сатып алды. Ал Energy Transfer Crestwood Equity Partners компаниясын 7,1 миллиард долларға сатып алған болатын. Өткен айда Sunoco қарызды қосқанда 7,3 миллиард долларға NuStar Energy сатып алуға келіскен болатын.

Акцияларға тоқталып кетсек

Нью-Йорктегі сауда-саттықтың жабылуына қарай Western Midstream акциялары 30,81 долларға дейін өсті. Ал Occidental акциялары, керісінше, 1,59% – ға, 59,56 долларға дейін төмендеді.

Сондай-ақ оқыңыз