Жаңалықтар

Мәжіліс педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы заң жобасын мақұлдады / shutterstock

21 ақпанда Мәжіліс депутаттары педофилия мен кәмелеттік жасқа толмағандарды өлтіру бойынша айыпталған қылмыскерлерді өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы заң жобасын мақұлдады.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялау және отбасылық қылмыстық жағдайларда денсаулыққа жеңіл зиян келтірілген жағдайда жазаны қатаңдату туралы заң жобасын талқылап, бірінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобасын таныстырушы Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова негізгі бағыттарының балалардың қауіпсіздігін сақтау екендігін айтты. Балалардың құқығын қорғауда 2 жаңа норма қарастырылды. Жаңа редакцияда педофилия және кәмелетке толмаған баланы өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылды. 

Тағы қандай түзетулер болады? 

Зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгездікке немесе адамның қадір-қасиетін қорлауға жол бермеу мақсатында бірқатар нормалар қарастырылған. Заңғы сәйкес, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бабы ұру баптары криминализацияланды. Ол бойынша 200 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салынып немесе 200 сағаттан 50 тәулікке дейін мерзімге қамауға алынады. Дене жарақатын келтірген, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған ұрып-соғуға 80 АЕК немесе 80 сағаттан 25 тәулікке дейін мерзімге қамауға алу жазасы қарастырылған.  

Азаптауға байланысты жаңа норма қарастырылып, жаңа редакцияда 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа жегу не 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. 

Зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамды қорғау үшін сот ерекше жағдайларда отбасында жанжал шығарып, құқық бұзған адамды белгілі бір мерзімге жарымен, бала-шағасымен бірге тұруға тыйым салу түріндегі құқықтық ықпал ету шарасын қолдануға құқылы.

Суицидтің алдын алу мақсатында Қылмыстық Кодексте жаңа 2 құрам бойынша норма енгізілді. Яғни суицидке итермелеу, суицидті насихаттау нормалары. Суицидке итермелегені үшін 5 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен қылмыстық жауапкершілік белгілеу ұсынылады.  Суицидті насихаттағаны үшін 200 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаңа қылмыстық жауапкершілік енгізілуде. 

Интернаттағы балалар құқығы

Балаларға арнайы медициналық-әлеуметтік қызметтерді міндетті лицензиялау және білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін ұйымдарды, яғни балалардың жазғы лагерлері, жалпы лагерьлеріне міндетті лицензиялау нормалары ұсынылды. 

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды қорғау мақсатында заң жобасында тұрмыстық жағдайы ауыр отбасыларды ерте анықтау бойынша мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты шаралар кешені қарастырылған. Бұған қоса, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасын жүзеге асыратын Отбасын қолдау орталықтары құрылады. 

Сондай-ақ заң жобасын талқылау барысында депутат Сергей Пономарев әлеуметтік желіде құжатты талқылау болып, «балаларды отбасынан тартып алу туралы» заң деген көзқарас тарағанын айтты.

«Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа қарасақ, адамдар осы заң жобасында отбасының өміріне кедергісіз араласуға және балаларды алып кетуге, балалар үйіне тапсыруға құқық беретін ювеналды әділет нормалары бар деп алаңдайтынын байқаймыз. Өзім заңнан мұндай нормаларын таппадым. Заң жобасында мұндай нормалар бар ма?»,  – деп сұрады депутат.  

Заң жобасын таныстырған депутат Жұлдыз Сүлейменова құжатта мұндай бастамалардың жоқ екенін айтты. 

«Біз қарастырып отырған екі заң жобасында балаларды отбасынан алып кету немесе ювеналды әділетке қатысты бірде-бір норма жоқ. Өйткені балалардың отбасында өскенін қалаймыз. Жалпы балалар үйі институттарының жойылғанын қалаймыз. Сондықтан балаларды отбасынан алып кету заң жобасымен қарастырылмайды», – деп жауап берді Сүлейменова.