Үндістандағы AI нарығының табысы 2027 жылға қарай 17 млрд долларға жетеді

Жарияланды
Үндістандағы AI нарығының табысы 2027 жылға қарай 17 млрд долларға жетеді/ Charanjeet Dhiman/Unsplash

Үндістандағы жасанды интеллект (AI) қызметтері нарығының табысы 2027 жылға қарай 17 млрд долларға жетеді деп күтілуде. Қазір жылына 25-35% өсіп келеді. 

Reuters ақпаратына сүйенсек, нарықтың өсуін компаниялардың технология шығындарын ұлғайтып жатқандығы, жасанды интеллектіге инвестициялардың өсуі себеп болған. Сондай-ақ, мемлекет осы саладағы таланттардың әлеуетін арттырып жатқандығы әсер еткен. 

Қазір Үндістанда 420 мыңнан астам адам жасанды интеллект саласында жұмыс істейді. Сонымен қатар елде жасанды интеллектіге қатысты білім беру саласы әлемдегі үздіктердің қатарына кірген.

IT компаниялары өз кадрларын қайта даярлау, стартаптарға инвестициялау және қарқынды дамып келе жатқан технологияға мүмкіндік беру үшін айтарлықтай бюджеттерді сақтап қойған. Мәселен, өткен жылы Wipro компаниясы үш жыл ішінде жасанды интеллектке 1 млрд доллар көлемінде инвестиция тартқанын хабарлаған.

Инвестициялармен қатар дайындалған кадрлардың қажеттілігі де артып отырады. Үндістандағы жасанды интеллект мамандарына сұраныс 2027 жылға дейін жыл сайын 15% өседі деп болжануда. Сол себепті елдегі 25 ірі технологиялық компаниялардың барлығы генеративті жасанды интеллект саласындағы кадрларды даярлаумен айналысуды қолға алған.

Жасанды интеллектің әсері

Осыған дейін жасанды интеллект еңбек нарығына қалай әсер ететіні туралы жазған едік.

Жасанды интеллект адамдардың жұмысын тартып ала ма? Мұндай талқының басталғанына біраз болған. Көпшілігі AI арқылы жұмыс орны көбейіп, адамдардың күнделікті күйбеңмен емес, шығармашылықпен көбірек айналысуға мүмкіндігі молырақ болады деген пікірді ұстанған еді. Дегенмен кейінгі кездері пайда болып жатқан жаңа технологияларға қарап, болжам аздап негатив бағытта да жасалып жүр. Соның ішінде ChatGPT пайда болғалы көңілде күдік те, алаң да көбейген.

Мысалы Норвегиялық тәуелсіз әл-ауқат қоры (Norges Bank Investment Management) жасанды интеллектінің жаппай қолданылып жатқанына алаң білдіріп, компанияларға бұған қатысты болуы мүмкін түрлі қауіп-қатерді ескеру керегін айтып, дабыл қаққан еді. Атап айтқанда, адамдардың ниеті мен құндылығына сай жүйелер жасап, жұмыс орындары мен адами капиталды басқаруға ұзақ мерзімді ықпал ететіндей қылу керегін ескерткен. Мұның астарында жасанды интеллектінің пайдасы ғана емес, зияны да көп екенін ұмытпау қажет деген сөз жатыр.  

Былтыр наурызда америкалық Goldman Sachs банкі жасанды интеллектінің 300 миллионға жуық жұмыс орнын автоматтандыруы мүмкін деген болжам жасады. Бұл туралы баяндама. Goldman Sachs аналитиктері генератив жасанды интеллект пайда болғандықтан, шаруаларды автоматтандыру жеңілдеді. Соның әсерінен жұмыс күшіне кететін шығын азайып, жұмыстың өнімділігі де артады деген еді. Яғни мұндай жасанды интеллектінің адамның қолымен жасалған контенттен еш айырмасы жоқ дүниелерді жасай алатын қабілеті артып, адам мен машина арасындағы коммуникацияны бұзады деседі.

Сондай-ақ оқыңыз