Қаламқас-Теңіз және Хазар жобасы: мұнай өндірісін 2028-2029 жылдары бастау жоспарлануда

Жарияланды (жаңартылды )
Қаламқас-Теңіз және Хазар жобасының жалпы құны 6 млрд долларды құрай/ Фото: архив kursiv.media

Бұл туралы Энергетика вице-министрінің отандық тауар өндірушілермен Қаламқас-Теңіз және Хазар ірі теңіз жобасын іске асыру бойынша кеңесі барысында белгілі болды.

Асхат Хасеновпен бірге жиынға Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев қатысты.

Айта кететіні, бүгінде жобаның құны шамамен 6 миллиард долларға бағаланып отыр. Бұл ретте Энергетика министрлігі Жетілдірілген үлгілік келісімшарт тетігін енгізу бойынша реформасына негізделген жұмысын бастады.

Ведомство «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС (жоба операторы) жобаның қазіргі кезеңіне шолу жасады. Сонымен қатар қазақстандық өндірушілер үшін әлеуетті мүмкіндіктерді айқындап берді.

«Бүгінгі кездесу 2024 жылдың қаңтар айында өткен компания басшылығымен кездесудің жалғасы. Отандық кәсіпорындардың кең тобының осы жобамен алғашқы танысуы», – деп атап өтті.

Биылғы жылдың сәуір айында отандық бизнеске сатып алынатын тауарлардың импортын алмастыру жоспарларын көрсету үшін «ашық есік» күндерін өткізу жоспарлануда. Ірі мұнай-газ жобаларының, соның ішінде Қаламқас/Хазар жобасының да «ашық есік» күні өтеді. Мұндай іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі. Қазақстандық бизнес өкілдері арасында тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді әлеуетті жеткізушілер қатарын кеңейтуге мүмкіндік береді.

«Міндеттер айқындалды – бұл кен орындарын игеруді уақтылы аяқтау үшін маңызды. Сонымен қатар қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді барынша тарту қарастырылған. Сол арқылы 2028-2029 жылдары мұнай өндіруді бастауды қамтамасыз ету жоспарланған», – деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Былтыр «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Қаламқас-теңіз, Хазар және Әуезов жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартқа толықтыру жасалғанын хабарлаған. Келісімшарт бойынша «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС жер қойнауын пайдаланады

Сондай-ақ оқыңыз