2024 жылдың қаңтарында қанша несие берілді? Бірінші кредиттік бюро айлық есебін жариялады.
Бөлшек сауда сегментіне тоқталсақ. қаңтарда берілген қарыз көлемі 2023 жылдың мамыр айынан бері ең төменгі болып шықты. Көрсеткіш 1,2 трлн теңгені құрады. Бұл желтоқсанмен салыстырғанда 11% аз. Ал тұтынушылық несиелер мен халық жалақыға дейін алатын микронесиелер саны 4%-ға өсті.
Бір келісімшарт бойынша берілген орташа сома 266,7 мың теңгені құрады. Желтоқсанмен салыстырғанда ол 14%-ға төмен. Бірақ жылдық есеп бойынша 4,1%-ға ғана өсті. Осы кезеңдегі тұтынушылық инфляция 9,5%-ды құрады.
1 ақпандағы жағдай бойынша жеке тұлғалар портфелінің көлемі 19,8 трлн теңгеден асты. Бір қарыз алушыға шаққандағы қалған қарыздың орташа сомасы 2,3 млн теңгеге жақындады.
Өткен айда әр адамның қарыз көлемі әр түрлі болды. Мұны кепілсіз тұтынушылық несиелерден анық байқауға болады. Мәселен, осы өнім бойынша қарызы 46,3 млрд теңгеге жеткен қазақстандық бар. Бұл сома қарыздың қалған сомасынан 1,6 есе көп. Яғни, шамамен 787 мың адамға – 70 мың теңгеге дейінгі шағын сомадан келсе, ол қарыз алушылардың 10%-ы ғана.
Бизнеске несие беру саласына тоқталсақ. Қаңтарда берілген несиелер саны 37,7 мың бірлікті құрады. Бұл желтоқсандағы көрсеткіштен (-13,4%) ғана емес, 2023 жылғы қаңтардағы деңгейден де (-12,8%) төмен.
Айына берілетін сома 2023 жылдың ақпанынан бастап бір жылға жуық уақыт ішіндегі ең аз сома. Қаңтардағы көрсеткіш шамамен 1,1 трлн теңгені құрады.
Портфель көлемі 1 қаңтармен салыстырғанда аздап төмендеді. Осылайша 24,4 трлн теңгені құрады. Қарыздың орташа сомасы 28,2 млн теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш қайтадан айтарлықтай өзгереді. Мәселен, металл кенін өндіру саласындағы кәсіпорындар үшін 2 млрд теңге болса, бөлшек саудада 5 млн теңге ғана.
Еске сала кетсек, базалық мөлшерлеменің төмендеуіне байланысты несие шарттары тиімдірек бола түседі, деп хабарлаған еді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының (ҚҚҚ) талдау орталығы.