«Татнефть» ЖАҚ қазақстандық Karaton Operating Ltd жеке компаниясының 50% акциясын сатып алу туралы шартқа қол қойды

Жарияланды (жаңартылды )
«Татнефть» ЖАҚ қазақстандық Karaton Operating Ltd жеке компаниясының 50% акциясын сатып алады / Фото: «Самұрық-Қазына» Қорының баспасөз қызметі

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы Қазақстан Президентінің Қазанға сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойды.

Атап айтқанда:

«Самұрық-Қазына» АҚ мен «Татнефть» ЖАҚ арасындағы қатты пайдалы қазбаларды өндіру жобаларына қатысты ниеттері туралы келісім;

– Қазақстан Үкіметі, «Самұрық-Қазына» АҚ және «Татнефть» ЖАҚ арасындағы Қазақстанда бутадиен және оның туындылары өндірісін салу жөніндегі жобаға қатысты ынтымақтастық туралы келісім;

– «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «Татнефть» ЖАҚ арасында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ға тиесілі Karaton Operating Ltd жеке компаниясының 50% акциясын сатып алу-сату шарты. Сонымен қатар «Каратон Подсолевой» жобасы бойынша екі корпоративтік құжат.

Екі жақты компаниялар 2024 жылы «Қаратон Подсолевой» учаскесінде геологиялық барлауды бастайды. Осылайша қос тарап Атырау облысындағы «Қаратон Подсолевой» жер қойнауы учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін бірлескен кәсіпорынның негізін қалайды.

Сапар барысында Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасы туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, «Татнефть» Атырау облысында бутадиен және одан өнім өндіруге бағытталған мұнай-газ химиясы саласындағы стратегиялық инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Аталған кәсіпорын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен Қазақстанның батыс өңіріндегі көмірсутегі қорларын барлау және өндіру жобалары аясында ынтымақтастық орнатқан. Бұдан бөлек, қатты пайдалы қазбалар кенін бірлесе игеру ісіне атсалысып жатыр.

Айта кету керек, 2022жылы маусымда «ҚазМұнайГаз» және «Татнефть» Қаратон-Сарықамыс жобасын бірлесіп іске асыру бойынша келісіміне қол қойған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз