Алматыда тағы да 2 балл шамасында жер сілкінді

Жарияланды
мчс
Алматыда тағы да 2 балл шамасында жер сілкінді/ shutterstock

22 ақпан түнгі сағат 00:25 шамасында Алматы қаласында тағы жер сілкінді. Мамандар бұл қаңтарда болған жер сілкінісінен кейінгі афтершок екенін айтады.

Сейсмикалық стансалар желісінің хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым жерде, Қытай Халық Республикасы аумағында орналасқан.

МSК-64 бағаны бойынша жер сілкінісінің қуаты Алматыда 2 балл көлемінде сезілген.

Еске сала кетсек, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінген болатын. ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 09 мин 02 сек жер сілкінісін тіркеді. 

Бұл жағдайға байланысты Алматы әкімдігі қаланың әр аймағында ТЖ кезінде халық жиналатын орындарды ашты. 

Айта кетейік, Қытай аумағында бұған дейін де жер сілкінді деп хабарладық.

Қазақстанда бір түнде бес рет жер сілкінген. Бұл жайлы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-ның станциялар желісі хабарлады.

«Алматы уақыты бойынша 07 сағат 43 минут 34 секундта (Гринвич уақыты бойынша – 2024 жылдың 25 қаңтары 01 сағат 43 минут 34 секунд) жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 275 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан», – делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,6 құраса, магнитудасы – 5,5,һ MPV. Тереңдігі 15 км. Бұл жер сілікінісін қазақстандықтар сезбеген.

Дәл осындай тербелістер таңғы 3:50-де, 4:21-де, 7:13-те, 7:24-те болған. Жер сілікінісінің ошағы 266-274 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Барлық тербеліс Қазақстанда қатты сезіле қоймаған.

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;

2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;

3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;

4. Жасырынатын жерді табыңыз – жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыныңыз;

5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз

6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;

7. Дабыл жол сандығын алыңыз ( *алдын ала дайындау қажет);*

8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;

9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;

10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз; 

Сондай-ақ оқыңыз