Коронавирусқа қарсы вакцина салдырудың қажеті жоқ – Бас санитар дәрігер

Жарияланды

COVID-19 вирусына қарсы вакцина салдырудың қажеті жоқ/ коллаж kursiv.media

Қазақстан азаматтарына коронавирусқа қарсы вакцина салдырудың, ревакцинация жасаудың қажеті жоқ. Денсаулық сақтау вице-министрі-Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова осылай деді.

«ДДСҰ ұсынысы бойынша халыққа коронавирусқа қарсы салдыруға немесе ревакцинация жасауға қажеттілік жоқ. Тек халықтың осал топтарына, егде жастағы адамдарға екпе салуға болады. Бірақ мұны да эпидемиологиялық жағдайға қарай әр мемлекет өзі шешеді», – деді Айжан Есмағамбетова сенат кулуарында.

Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирусқа қарсы қолданылатын вакцина жоқ екеніне назар аударды.

«Қазір COVID-19 вирусына қарсы вакцина жоқ. Ол бізге керек те емес. Эпидемиологиялық жағдай өзгерсе, OtarBioPharm бір айда екпенің қажетті  дозасын шығарады. ДДСҰ ұсынымына сәйкес, бүгінде коронавирусқа қарсы екпе алудың қажеті», – деді Денсаулық сақтау вице-министрі.

Бұған дейін ДДСҰ-ның Қазақстанда әзірленген коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын тіркемеуінің себебі жарияланған. ДДСҰ-ның рұқсатын алу үшін биомасса өндірісінен бастап, бөтелкеге құю мен қаптамаға дейінгі вакцина өндірісінің толық циклі қажет екен.

«Біз құю желісі үшін халықаралық стандартқа сай GMP сертификатын іске қостық. Екінші кешеннің құрылысы аяқталуға жақын. Соның негізінде биомасса әзірленеді. Осы іс толық аяқталғаннан кейін, GMP сертификаты назарға алынып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан коронавирусқа қарсы вакцинаға ғана емес, басқа да вакциналарға сертификат алу мүмкіндігі пайда болады. Алдағы уақытта осы зауытта басқа вакцина шығаруды жоспарласақ, өнімге сертификат беріледі», – деп мәлімдеген А. Есмағамбетова.

Сондай-ақ оқыңыз