Ticketon Awards сыйлығының алдын ала дауыс беру нәтижелері бойынша «Міржақып. Оян, қазақ!» көш бастады

Жарияланды (жаңартылды )
«Міржақып. Оян, қазақ!» обогнал «Дәстұр» по предварительным итогам голосования премии Ticketon Awards
«Шетелдік жыл фильмі» аталымы бойынша «Оппенгеймер» көш бастады / Фото: Ticketon

Алдын ала нәтижелер бойынша Ticketon Awards номинанттарына 87 704-нан астам адам дауыс берген. Оған қазақстандық мәдениет, өнер және спорт саласы өкілдері қатысты. 21 ақпан марапатқа үміткерлер үшін 4223 адам дауыс берді.

Дауыс беру 8 ақпанда басталып, 10 наурызға дейін жалғасады. Жеңімпаздар биылғы жылдың сәуір айында өтетін салтанатты жиында марапатталады.

«Міржақып. Оян, қазақ!» көш бастады

Қазақтың тарихи драмасы «Міржақып. Оян, қазақ!» аралық қорытынды бойынша «Отандық жыл фильмі» номинациясында 1424 дауыс жинады. Ол 625 дауыстың жартысына жуығын жинаған сенсациялық қазақстандық «Дәстүр» фильмін басып озды.

«Шетелдік жыл фильмі» аталымы бойынша аралық дауыс беруде 735 дауыспен «Оппенгеймер» драмасы көш бастады.

«Астана Опера» балетінің солисі Шұғыла Әдепхан қазір 3626 дауыспен көш бастап тұр. Ол сондай-ақ «Жыл балеринасы»  аталымында алдыңғы қатарда. Сондай-ақ бойжеткен «Өрлеу» және «Танцевальный олимп» («Би шыңы») байқауларының лауреаты.   

«Жыл кино актрисасы» аталымы бойынша алдыңғы орында Дариға Бадықова тұр

«Жыл кино актрисасы» аталымы бойынша аралық рейтингте 902 дауыспен алдыңғы орында Дариға Бадықова тұр. Дариға – комедия жанрындағы жарқын және есте қаларлық актриса. Ол «Таптым-ау сені» комедиясында басты кейіпкердің рөлін сомдап қана қоймай, осы фильмнің продюсері екенін де еске саламыз.

Актриса Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының музыкалық драма факультетін бітірген. Бойжеткен актерлік мансабынан бөлек, Ақсарай театр труппасының мүшесі. Бұған дейін актриса осы номинацияда екі рет, 2019 және 2022 жылдары алдыңғы қатарда болып, екі марапатқа ие болған.

«Жыл актері» номинациясының көшбасшысы – қазіргі уақытта «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінде басты рөлді сомдаған Бақыт Қажыбаев. Ол 1619 дауыс жинаған. 41 жастағы актердің фильмографиясы бай. Ол «Жастар» театрының танымал актері.

«Жылдың спорттық оқиғасы» жүлдесін жеңіп алуға үміткер 2023 жылы Астанада өткен «Қазақстан-Дания» футбол матчы болуы мүмкін. Өйткені дәл қазіргі уақытта 1001 дауысқа ие. 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі командалар арасындағы тарихи кездесу 3:2 есебімен Қазақстанның пайдасына шешілді. Матч жоғарғы деңгейде өтіп, жанкүйерлерге ұмытылмас эмоциялар сыйлады.

Үздіктердің үздіктері анықталды

«Ұйымдастыру комитетінің мүшесі болу мен үшін үлкен мәртебе және Ticketon компаниясының басшыларына және марапатты жасаушыларға сенімдері үшін алғысымды білдіргім келеді. Номинациялар бойынша үздіктердің үздіктері таңдалды деп есептеймін. Жеңімпаздар шынайы дауыс беру арқылы анықталатынына сенімдімін»,  – деді Ticketon Awards ұйымдастыру комитетінің мүшесі, медиа-продюсер, спорттық жобалардың жүргізушісі, актер Азамат Әшімов.

Ол бұл сыйлықтың ел үшін үлкен мәдени мәні барын айтады. Мұндай іс-шаралар қазақстандық қайраткерлердің, соның ішінде халықаралық аренада өнер көрсетіп жүрген жетістіктері мен сіңірген еңбегін тағы бір мәрте еске түсіруге мүмкіндік береді.

«Жеңіске жетпесе де, берілмеу керек. Үміткерлердің номинацияға ұсынылуы олардың мойындалғанын көрсетеді. Жанкүйерлерді өз көшбасшыларына белсенді түрде дауыс беруге шақырамын. Бұл кумирлеріңіздің сізді шығармашылықпен қуанта беруіне тағы бір мотивация. Маңызды мәселелерде шет қалмаңыз. Сондықтан біз үздіктердің еңбегін атап өтіп, оларды жаңа жобаларға шабыттандырамыз. Әр адамның дауысы маңызды»,  –дейді Азамат Әшімов.

Психолог, нумеролог, радиожүргізуші Айсұлу Ахимованың айтуынша, марапатқа үміткерлерге дауыс беру қазақстандықтардың қоғамның мәдени өміріне араласуының көрсеткіші.

«Ticketon Аward сыйлығының үміткерлеріне дауыс беру қызу жүріп жатыр, мен бүгінге дейін 87000-нан астам қазақстандықтың дауыс бергеніне қуаныштымын. Мәдениет пен өнер – ұлттың дамуының бірден-бір көрсеткіші. Бұл мүмкіндік тек өз қолымызда. Өз дауысымызды беру арқылы ең дарынды азаматтардың еңбегін атап өтеміз. Барша қазақстандықтарға белсенді ұстанымдары үшін рахмет!» – деп бөлісті нумеролог.

Дауыс беру тағы екі жарым аптаға созылады

«Дауыс беру ақпан айының басында басталды. Екі аптаға жуық уақыттан кейін әр санат бірте-бірте өз көшбасшылары мен аутсайдерлерін қалай анықтайтынын байқау өте қызықты. Біз барша қазақстандықтарды дауыс беруге белсенді қатысуға шақырамыз. Сіздің дауыстарыңыз сайып келгенде елдегі бұқаралық мәдени іс-шаралар индустриясын қалыптастырады. Біз бірге осы саланы дамытуға және нығайтуға көмектесеміз, сондай-ақ қазақстандықтар еліміздің концерттік алаңдарында көргісі келетін жұлдыздар мен іс-шаралар тізімін кеңейтеміз»,  – деді Виктория Торгунакова, Ticketon билеттерін онлайн сату қызметінің бас директоры.

Қазақстанның мәдениет, спорт және ойын-сауық саласындағы жетінші және ең ірі сыйлығы Ticketon Awards үшін дауыс беру тағы екі жарым аптаға созылады. Кез келген қазақстандық Қазақстандағы мәдениет, спорт және ойын-сауық саласына ең көп үлес қосып жатқандарды анықтау арқылы дауыс беру үдерісіне әсер ете алады. Дауысыңызды https://award.ticketon.kz/ сілтемесі арқылы бере аласыз.

Ticketon Awards марапатына 34 номинация және 7 категория бойынша 300-ден астам үміткер қатысады. Іс-шара 2023 жылға арналған түрлі жанрлардағы үздік шығармашылық жұмыстарды анықтауға, дарынды тұлғаларды тануға және ынталандыруға, сондай-ақ қазақстандықтардың назарын мәдени дәстүрлерді сақтап, одан әрі дамытуға бағытталған.

Еске сала кетсек, былтыр қазан айында «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі кинотеатрларда көрсетіле бастады. Кейін үлкен экранда көрсетілімі тоқтады. Қалың көрермен фильмнің үлкен экраннан не себепті ерте кеткенін түсінбеді. Себебін фильмнің режиссері Мұрат Есжан айтты.

Сондай-ақ оқыңыз