Intuitive Machines-тің құрылғылары айға қонған кезде акциялары күрт өсті

Жарияланды
Intuitive Machines акциялары күрт көтерілді/Фото:NASA

Intuitive Machines компаниясы Одиссей құрылғысы Айға сәтті қонғаннан кейін, бейсенбіде акциялары қарыштап көтерілді.

Айға жүк тасымалдау машиналарын жасайтын Intuitive Machines компаниясының акциялары бейсенбіде сауда-саттық жабылған кезде 8,28 долларға бағаланды.  Бұл сәрсенбідегі сауда –саттық жабылған кездегі бағасынан 11,16% төмен. EST 18: 35-те миссияның сәтті орындалғаны белгілі болған кезде, акциялар күрт өсе бастады. EST 19:30-ға дейін акция  құны $ 11,92 болды (+43,95%).

CNBC ақпаратына сүйенсек, Айға қонуын күткен кезде де компанияның құнды қағаздары 22 ақпанға дейін 300% дейін жоғарылады.

15 ақпанда биіктігі 4,3 метрлік Одиссей аппараты 12 түрлі қажетті жүк жиынтығымен ұшты. Оның алтауы NASA-ның деректерді жинауға арналған ғылыми және техникалық құралдары. Құрылғыларды жеткізу үшін агенттік Іntuitive Machines компаниясына 118 миллион доллар төледі, деп жазады Space.com.

Reuters-тің жазуынша, қаңтар айында ғарыш агенттігі 2025 жылдан бастап 2026 жылдың соңына дейін айға қонуы тиіс Artemis аппаратын ұшыруды кейінге қалдырған еді. NASA-ның мәндеті жеке компаниялардың қауқарын тексеру.  

Жерден миллион шақырым ұшқаннан кейін, модуль 21 ақпанда ай орбитасына көтерілді. Айға қону Малаперт А деп аталатын шағын кратердің шетінде, айдың оңтүстік полюсінен 300 шақырым жерде орындалды. Басты мақсат- ғарыштық ауа-райының ай бетімен өзара әрекеттесуін, радиоастрономиялық зерттеулерге, қону нүктесі мен навигация технологияларын дамытуға бағытталған.

Акция

«Біз жеке сауда жасайтын компанияның айға қонуды қалай сәтті жүзеге асырып жатқанын әлі көрген жоқпыз. Бұл тек инвесторлар үшін ғана емес, талдаушылар үшін де жаңа тәжірибе», —деді Cantor Fitzgerald ‘ s сарапшысы Андрес Шеппард.

Intuitive Machines 2022 жылы биржада листингі бар басқа компаниямен (SPAC) бірігу арқылы жария болды. Содан кейін IM құны шамамен $1 млрд- қа бағаланды. Модуль іске қосылған күні Bloomberg компанияның нарықтық капитализациясы шамамен $ 481 млн деп жазды. The Wall Street Journal мәліметтері бойынша, IM акцияларын тек төрт талдаушы қадағалайды. Олардың барлығы құнды қағаз сатып алуды ұсынады (buy рейтингі)

Еске сала кетсек, Crew Dragon кемесімен ғарышқа төрт турист ұшырылды деп жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз