Ұлттық қордың 2023 жылғы кірістілігі 11,38% құраған

Жарияланды
Шығарушы редактор
кірістілігі
Ұлттық қор туралы статистика жарияланады. Фото: shutterstock.com

Ұлттық банктің ресми интернет-ресурсында ҚР Ұлттық қорының статистикасы жариялатын жаңа бөлім ашылды. Соған сәйкес, 2023 жылы Ұлттық қордың кірістілігі 11.38% құраған. Ал 2022 жылы ҰҚ валюталық активтерін басқару нәтижесі теріс қалыптасқан: -10.35%. Ал қор құрылған 2001 жылдан бері жылдық мәндегі кірістілігі 3.38% болған.

Жаңа бөлімде «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы туралы ақпарат, қорды инвестициялық басқару нәтижесі туралы мәліметтер, қаржылық құралдар мен портфельдердің үлесі бар.

Бұл беттегі ақпарат қордың әр жылдағы пайыздық кірісін дәйектейтін мәліметтер негізінде жыл сайын жаңартылып отырады.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ашықтық пен айқындылық қағидатын басшылыққа ала отырып, сондай-ақ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының іске асырыла бастауын ескере келе, ҚҰБ ресми интернет-ресурсының «Статистика» бөлімінде «ҚР Ұлттық қорының статистикасы» деген жаңа шағын бөлім құрылғанын хабарлайды», – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ арнайы графикада портфельдердің актуальды үлесі мен қаржы құралдарын типіне қарай қалай бөлінгені (активтердің аллокациясы) көрсетілген.

Соған сәйкес, қазір Ұлттық қор портфелінің 86 пайызы – жинақ портфелі болса, 14%-ы тұрақтандыру бөлігінен тұрады. Ал жинақ портфелінің 33%-ы – акцияларға, 29 пайызы дамыған мемлекеттердің облигацияларына салынған. Сондай-ақ, протфель құрамында дамушы елдердің мемоблигациялары (20%), корпоративтік облигациялар (10%), алтын (5%), балама құралдар (3%) бар.

Ал Ұлттық қордың валюталық активтері жөніндегі ай сайынғы деректер «ҚР Ұлттық қорының халықаралық резервтері мен валюталық активтері» бөлімінде орналастырылған.

«Ұлттық қор – балаларға» бетінде есепті жылы барлық баланың шотына есептелген ақша сомасы туралы ақпарат көрсетіледі.

Сондай-ақ осы бөлімде есепті жылы нақты төлем үшін БЖЗҚ-ға аударылған қаражаттың мөлшерін ашып көрсететін деректер жарияланады.

Ұлттық қордың операциялары туралы ақпарат Ұлттық қордағы қазақстандық эмитенттердің қаржы құралдары туралы мәліметпен толықтырылған. Енді «Ұлттық қордың операциялары және қазақстандық эмитенттердің қаржы құралдары» бетінде жарияланады.

Қордағы қазақстандық эмитенттердің қаржы құралдары теңгедегі үлестік және борыштық құралдарды қамтиды

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет тек бюджет кірісіне сенсе ғана 2030 жылға қарай Ұлттық қорға 100 миллиард доллар жиналады деген.

Сондай-ақ оқыңыз