Таиланд Қазақстан азаматтары үшін 30 күндік визасыз режимді тағы 6 айға ұзартты

Жарияланды
Қазақстан мен Таиланд арасында тікелей әуе рейстерінің саны артады / Фото: Selfie Travel компаниясы

Таиланд Қазақстан азаматтары үшін 30 күндік визасыз режимді тағы 6 айға ұзартты. Бұл туралы аталған ел Сыртқы істер министрінің орынбасары Джаккапонг Сангмани Алматыда өткен қабылдауында мәлімдеді.

«Екі ел визасыз режим орнату бағытында екіжақты белсенді жұмыс істеп жатқанын қуана хабарлаймын. Жақында бұл келісімдер аяқталады. Ол ұзақ мерзімді әрі пайдалы шешім болады деп есептеймін. Бұл процесс жалғасып жатыр. Біз арнайы визалық режимнің мерзімін қазірден бастап тамыз айының соңына дейін ұзартатынымызды келіп отыр. Қазақстан халқы бұл келісімді барынша тиімді пайдаланады деп сенемін», – деді Таиланд Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Әуе рейстерінің саны артады

Визасыз режим күшіне енгеннен кейін бірнеше жағымды өзгерістер болмақ. Мәселен, Қазақстан мен Таиланд арасындағы тікелей әуе рейстерінің саны артады. Атап айтқанда, биылғы жылдың үшінші тоқсанынан бастап Алматы мен Бангкок арасында «Really Cool Airlines» әуе компаниясы қатынайды.

«Біздің жақын қарым-қатынасымызды одан әрі ілгерілету үшін басқа келісімдер де дайындалып жатыр. Олардың қатарында сауда және инвестиция туралы келісімдер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және туризм саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум бар», – деді Джаккапонг Сангмани.

Қазақстандық туристер саны үш есе артты

Таиландтың Туризм және спорт министрі Судаван Вансупакикосолдың айтуынша, уақытша визасыз режим енгізілгеннен бері Қазақстаннан Таиландқа баратын туристер саны үш есе артқан.

«Сыртқы істер министрінің орынбасары атап өткен визасыз режимді ұзартқаннан кейін, туристер саны арқанын көрдік. Өткен жылдың қыркүйек айында Қазақстаннан Таиландқа келетін туристер санының үш есе өскен. Бүгінгі күні бізбен бірге тығыз қарым-қатынас орнатқан авиакомпаниялар, турагенттер және туроператорлар секілді серіктестерімізбен бірге осы динамиканы жалғастыруға ниеттіміз. Әрі осы байланысты одан әрі нығайту бағытында қарқынды жұмыс істейміз», – деді Таиландтың Туризм және спорт министрі.

Бүгінде Қазақстан Таиландтың Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктестерінің бірі. Қос тарап сауда-инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағытында жұмыс істеп келеді. Екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында Таиланд Корольдігі 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 29 ақпанға дейін қазақстандықтар үшін уақытша визасыз режимді енгізген.

Бүгінде Таиланд Азия елдері ішінде қазақстандықтар үшін ең танымал бағыттардың бірі. 

Сондай-ақ оқыңыз