«Қазақстан-Қытай құбыры» қытай банкі алдындағы 540 млн доллар қарызын мерзімінен бұрын өтеді

Жарияланды (жаңартылды )
Газпром увеличит прокачку газа в Европу через Украину
«Қазақстан-Қытай құбыры» қытай банкі алдындағы 540 млн доллар қарызын мерзімінен бұрын өтеді / shutterstock

«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС Industrial and Commercial Bank of China (ICBC) алдындағы 540 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі қарызын мерзімінен бұрын өтеді.

«ҚазТрансОйл» компаниясының хабарлауынша, 2004-2008 жылдары «Атасу-Алашаңқай» және «Кеңқияқ-Құмкөл» магистральды мұнай құбырларының құрылысын қаржыландыру үшін «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС халықаралық коммерциялық банктерден жалпы сомасы 1,6 млрд АҚШ доллары көлемінде қарыз алған. Кейіннен 2018 жылы Industrial and Commercial Bank of China (ICBC) компаниясымен несие шартын жасасу арқылы 540 млн АҚШ доллары мөлшерінде қарыз қалдығын қайта қаржыландырған.

Қарызды мерзімінен бұрын өтеу нәтижесінде «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС сыйақы есебінен шығысын 1,73 млн АҚШ долларға азайтты.

«Атасу-Алашаңқай» магистральды мұнай құбыры 2006 жылы пайдалануға берілген. Ол Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Құмкөл кен орындарының мұнайын Қытайға тасымалдауға, сондай-ақ, Ресей мұнайының Қытайға транзитіне арналған. Мұнай құбырының жобалық қуаты – жылына 20 млн тонна мұнай. Мұнай құбырының ұзындығы – 965,1 км.

«Кеңқияқ – Құмкөл» магистральді мұнай құбыры 2009 жылы пайдалануға берілген. Батыс Қазақстан және Ақтөбе кен орындарының мұнайын тасымалдауға арналған. Мұнай құбырының жобалық қуаты – жылына 10 млн тонна. Мұнай құбырының ұзындығы – 794,2 км. «Қазақстан-Қытай құбыры» компаниясының «ҚазТрансОйл» компаниясына, 50%-ы China National Oil and Gas Exploration and Development Corporation компаниясына тиесілі.

Айта кетейік, 2023 жылы мамырда QazaqGaz бен Қытайдың ұлттық мұнай корпорациясы (CNPC) табиғи газды жеткізу, геологиялық барлау саласында серіктестік орнатуға келіскен.

«Құжатқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында қол қойылды», делінген хабарламада. 

Тараптар QazaqGazдың ресурстық базасы мен газ құбырларының өткізу қабілетін негізге алып, табиғи газды сатып алу-сату шартына қол қоюға ниетті. Сонымен қатар, компаниялар Қазақстандағы перспективалық жер қойнауы учаскелерінде геологиялық барлау жүргізу бойынша ынтымақтастық ортануды қарастырады. Компаниялар газ саласындағы технологиялық инновацияларды дамыту бойынша ғылыми-техникалық және зерттеу орталықтары арасында тәжірибе алмасуды жоспарлап отыр.

Қытай ұлттық мұнай корпорациясы Қазақстанда біраз жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол Қашаған жобасының – 8,33%, «МаңғыстауМұнайГаздың» – 50% және «ПетроҚазақстан Инк.» 67% акциясына ие. CNPC қатысуымен Қазақстан-Қытай мұнай құбыры, Қазақстан – Қытай және Бейнеу – Бозой – Шымкент газ құбырлары салынды

Сондай-ақ оқыңыз