Алматы облысында алимент төлемей жүргендер құмар ойынға 426 млн теңге жұмсаған

Жарияланды (жаңартылды )
Алматы облысында аимент төлемей жүргендер құмар ойынға 426 млн теңге жұмсаған / shutterstock

Алматы облысында алимент бойынша 157 борышкер букмекерлік кеңседе 426 млн теңге жұмсаған. Өңірдің қадағалау ведомствосының хабарлауынша, прокуратура алты лудоманды жауапқа тартуға ниетті.

Прокуратура 150-ден астам қазақстандық «өз балаларына деген немқұрайлылығынан» алимент төлеу жөніндегі өз міндеттемелерін елемей, букмекерлік кеңселерде құмар ойынға кіргенін жазады. 

«Алимент бойынша бір миллион теңгеден астам қарыз бола тұра бір ғана борышкер өзінің шотын 24 млн теңгеден астам сомаға толықтырды», – делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда 31 лудоман 38 млн теңгеден астам сомаға алимент бойынша қарыздарын өтеген. Прокуратура алимент төлемегені үшін алты борышкерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға ниетті. 

Алимент төлемегені үшін жаза

Қадағалау ведомствосы ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін («сот шешімін орындамағаны») 20 АЕК-тен (73 840 теңге) 20 тәулікке әкімшілік қамауға алады. ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша («алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау») 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға не екі жылға дейін бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыра алады.

Алимент төлемейтіндер саны

Қазақстандықтардың 2023 жылы алимент берешегі 20 млрд теңгеден асқан. Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамовтың Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың атына жазған сауалында 2022 жылы алименті бойынша берешек 13 793 780 739 теңге болса, 2023 жылы 20 796 615 823 теңгені құрағанын жазған. Ал 2024 жылы қаңтардағы жағдай бойынша алиментті өндіріп алу бойынша 8 мыңнан астам сот шешімі мүлде орындалмаған.

Депутат өз сауалында премьер-министрге бірнеше ұсыныс айтқан. Нақтырақ айтқанда:

  • Алиментті өндіріп алу кезінде өндіріп алу сомасы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болмауға тиіс.
  • Мемлекеттік алимент қоры құрылсын. Ол бюджеттен тыс түсімдерден қалыптастырылады. Оның негізгі мақсаты алиментті үш айдан артық алмаған балаларға төлеу. Өз кезегінде алимент төлемейтіндерден осы соманы өндіріп алу.

2023 жылы қазан айында Қазақстанда алиментін төлемеген 1 618 азаматқа іздеу жарияланғаны туралы ақпарат тарады. Олардың 1476-сы – ер, 142-сі – әйел адам болды. Алимент төлеуден жалтаратын азаматтардың көшін елорда (361 адамға алимент төлемегені үшін іздеу жарияланған) тұрғындары бастады. Алматы екінші орынға орналасты. (191), Ақтөбе облысы үшінші орыннан (143) көрінді.

Сондай-ақ оқыңыз