Әзірбайжан Армения тарапынан әскери позицияға оқ атылғанын мәлімдеді

Жарияланды (жаңартылды )
Азербайджан заявил об обстреле со стороны Армении
Әзірбайжан Армения тарапынан әскери позицияға оқ атылғанын мәлімдеді/Фото: mod.gov.az

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі 24 ақпанда сағат 21:40-та Армения Қарулы Күштерінің бөлімшелері республиканың бір позициясына оқ жаудырды деп мәлімдеді. Бұл туралы Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, Нахичеван автономды республикасы Садарак ауданындағы Гейдарабад елді мекеніне қарсы оқ атылған.

Қаңтар айының соңына қарай Армения Әзірбайжанға шабуыл жасамау туралы келісімге қол қоюды ұсынды. Сондай-ақ Арменияның бейбіт күн тәртібі қағидасына адал екенін және одан бас тартпайтынын атап өтті.

13 ақпанда Әзербайжанның мемлекеттік шекара қызметі Арменияға қарсы «есе қайтару операциясын» жүргізді.

Нәтижесінде Гафан ауданы Неркин-Анд елдімекені маңындағы Армения қарулы күштерінің әскери бекеті толығымен жойылды.

Әзірбайжан тарапы бұл шабуыл армян әскерінің кешегі «арандатуына» жауап болғанын айтады.

«Әзірбайжан-Арменияның шартты мемлекеттік шекарасындағы жедел жағдайды ұшықтыруға бағытталған армян тарапының әрбір арандатуы үшін бұдан былай аса маңызды және шешуші шаралар қабылданады», – делінген Мемлекеттік шекара қызметінің хабарламасында

«Есе қайтару» операциясына дейін Әзірбайжан мен Армения арасында не болды

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі бұған дейін 12 ақпан күні сағат 20:50-де және 23:40-та Армения Қарулы Күштерінің бөлімшелері Товузгалин ауданының Чинарлы елді мекеніне қарай атыс қаруынан Коханаби елдімекеніне қарай оқ атқаны туралы хабарлаған болатын.

Еске сала кетсек, былтыр Армения билігі Әзірбайжанға қарсы БҰҰ сотына шағым түсірді.

Армения билігі Әзірбайжанның «»жергілікті сипаттағы терроризмге қарсы іс-шараларына» қатысты БҰҰ сотына шағым түсірді. Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты «нәсілдік кемсітуге» барды деп айыптады. Қазір БҰҰ  сарапшыларының даулы аймаққа жіберілгені хабарланған. Бұл жайлы БҰҰ сотында түскен шағымда айтылды.

Сондай-ақ оқыңыз