Қарағанды билігі Костенко шахтасында қайтыс болған кеншілерге ескерткіш орнатуға қаладан орын таппаған

Жарияланды
Қарағанды билігі Костенко шахтасында қайтыс болған кеншілерге ескерткіш орнатуға қаладан орын таппаған / http://instagram.com/julia_bora_designer

Қарағанды қаласының билігі қалада Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілерді еске алу үшін мемориал орнатқысы келмейді. Кеншілердің туыстары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтініш жазуға мәжбүр болды. 

Кеншілердің туыстары әлеуметтік желіде Президентке үндеумен бейнеролик жариялады. Олар қаза тапқан кеншілерді еске алуға арналған ескерткіш мемориалды Костенко атындағы шахтада емес, Қарағанды қаласының орталығында орнатылуын қалайды. Жиналғандардың сөзінше, өңірде әртүрлі шахтада кеншілерге арналған мемориалдар болғанымен, шахта жабылған кезде ескерткіш қараусыз қалады.

«Басшылық ескерткіштің орны Костенко атындағы шахтаның өзі болатынын белгіледі. Қаза тапқандардың отбасылары мемориалдың 46 адам өмірі қиылған жерде орналасуына үзілді-кесілді қарсы. Шахта аумағында болу қиын. Осыдан кейін көптеген адам медициналық және психологиялық көмекке мұқтаж болады. Сонымен қатар Костенко атындағы шахта қаладан алыс, оған жету өте қиын», — деді бейне хабарлама авторлары.

Қарағандылықтар жергілікті билік оларға қалада мемориал орнатудан бас тартқанын айтады.

«Біз жақындарымыз батыр ретінде қайтыс болды деп санаймыз, олардың еске алып отырғымыз келеді. Балалар мен немерелерді мемориалға алып барғымыз келеді. Қарағанды – кеншілер қаласы. Қала орталығындағы Мемориал жақындарымызды құрметтеу үшін ең қолайлы орын болады. Біз жергілікті билік органдарына хат жібердік, бірақ бізге Қарағандыда ескерткіштер жеткілікті деп жауап берді», — деді кеншілердің туыстары.

ArcelorMittal кен орнындағы жарылыс

Еске сала кетсек, 28 қазанда «ArcelorMittal» компаниясына қарасты Костенко шахтасында жарылыс болды. Салдарынан 46 кенші опат болды.

Бұл қайғылы оқиғадан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Сонымен бірге үкіметке «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім қабылдады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында болған апаттың себептерін тергеу және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Оны премьер-министр Әлихан Смайыловтың өзі басқарды.

Сонымен бірге шахтада болған апатты Бас прокуратура тексеретінін  мәлімдеді. Шахтадаға қайғылы оқиғадан кейін арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Оның құрамына құқық қорғау органдарының неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері мен ТЖМ мамандары кірген.    

Бұл оқиғадан соң АМТ мемлекетке қайтарылатын болды. Біраз уақыт өткен соң Өндіріс және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев АМТ компаниясының жаңа акционерін жария етті. Жаңа инвестор «Allur» компаниялар тобы және оның иесі Андрей Лаврентьев болды.

Өз кезегінде бас акционер ArcelorMittal өзінің ресми сайтында осы мәміленің болғаны туралы ақпарат жариялады. Ақпаратқа сәйкес, мемлекет бақылауындағы жеке инвестициялық қор Qazaqstan Investment Corporation-мен арада келісім жасалған. Оған ArcelorMittal Temirtau JSC пен ArcelorMittal Tubular Products Aktau JSC компанияларының 100% акциясы берілген

Сондай-ақ оқыңыз