Биткоин бағасы 2021 жылдың қарашасынан бергі ең жоғары деңгейге жетті

Жарияланды
Биткоин бағасы 56 мың доллар болды/ Фото: архив kursiv.media

Биткоин бағасы қымбаттады. Криптовалюта 2021 жылдың қарашасындағы ең жоғары мәнге жетті.

Биржада биткоин құны 3,6%-ға өсіп, 56,422 мың долларды құрайды деп хабарлайды CoinDesk.

Бұған дейін сауда кезінде баға 2021 жылдың қарашасынан бері алғаш рет 57 мың долларға жақындады. Сол кезде көрсеткіш 68 990 мың долларлық тарихи рекордқа жетті.

Криптовалюта бағасына бірнеше фактор әсер етті. Оның ішінде 2024 жылдың қаңтарында аталған криптовалютаға тікелей инвестициялайтын алғашқы 10 ETF мақұлдауы бар.

Сонымен қатар нарық сәуір айында биткоиннің халвингін күтуде. Бұл блокчейнге жаңа блок қосқаны үшін майнерлерге берілетін сыйақының екі есе азайатын кезеңінің атауы.

«Бұл шамамен төрт жылда бір рет болады және әдетте криптовалюта бағасына оң әсер етеді», – деп жазады MarketWatch.

Техникалық талдау тұрғысынан биткоин бағасы 58 400 долларға өсіп, содан кейін 62 000 долларға жетуі мүмкін.

2024 жылдың 9 ақпанында биткоин бағасы күрт өсіп, 47 мың доллардан асты. Бірақ кейін көрсеткіш қайта төмендеді. Сонымен қатар Ethereum құны 2500 долларға жетті.

Биткоин бағасы қаңтар айының ортасынан бері өсті. Бұған дейін осы деңгейден жоғары криптовалюта саудасы 12 қаңтарда тіркелген еді. Қаңтардағы ең жоғары көрсеткіш – 48,9 мың долларға жеткеннен кейін, танымал криптовалюта шамамен 20%-ға арзандады.

Кейін баға құбылып, 42-43 мың доллар аралығында қалыптасқан. 2024 жылғы 4 ақпандағы сауда да биткоинның орташа бағасы 46 719 долларды құрады.

Еске сала кетсек, белгісіз адамдар АҚШ Бағалы қағаздар және биржалар комиссиясының (SEC) Х әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) аккаунтын бұзып, биткоинға тікелей инвестиция салуға болатын ETF-тің қосылатыны туралы жалған ақпарат таратқан. Кейін компания бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Айта кетейік, былтыр кіші валюталар әсерінен крипто нарығындағы биткоиннің үлесі 50% төмендеді деп хабарладық.

Сондай-ақ оқыңыз