Каспий құбыр консорциумының салық шегерілмеген пайдасы 2,3 млрд долларды құрады

Жарияланды
Шығарушы редактор
пайда
Каспий құбыр консорциумының табысы қандай? Фото: КҚК

«КТК-Р» және «КТК-Қ» компаниялары (Каспий құбыр консорциумының (КҚК) еншілес компаниялары) 2023 жылы салығы төленбеген 2,3 млрд доллар пайда тапқан. Бұл туралы КҚК-ны басқарушы мекемелер отырысында белгілі болды.

«КТК-Р» АҚ мен «КТК-К» АҚ салық төлегенге дейінгі пайдасы шамамен 2,3 млрд АҚШ долларын құрады», – делінген хабарламада.

Жыл басынан бері КҚК құбыр жүйесі арқылы 11 миллион тонна CPC Blend мұнайы жеткізіліп, 100 танкер тиелген. КҚК құбыр жүйесіндегі тар құбырларды кеңейту жобасы аяқталып қалды. Ескі жабдықтар ауыстырылып жатыр. Бұл жоба Теңіз-Новороссийск мұнай құбырының Қазақстан аумағы арқылы өткізу қабілетін жылына 72,5 млн тоннаға, Ресей аумағы арқылы жылына 83 млн тоннаға дейін жеткізеді.

Сонымен қатар теңіз терминалы арқылы 2022 жылы 58,7 млн тонна мұнай тиелсе, 2023 жылы 63,5 млн тонна жөнелтілген.

Былтыр «Каспий құбыр консорциумы-Қазақстан» акционерлеріне аралық дивиденд ретінде $93,5 млн төледі.

Компания 2021 жылы Теңіз-Новороссийск құбыр жүйесін құру және мұнай өткізу қабілетін кеңейту жобасын қаржыландырған акционерлері алдындағы қарызын толық өтегеннен кейін, дивиденд төлеуді бастады. КҚК қаржылық саясаты компанияның акциялары бойынша дивидендті тоқсан сайын есептеуді қарастырады. Оның сомасы күрделі және операциялық шығындарды, сондай-ақ жаңа ірі жобалардың бар-жоғын ескере отырып, консорциум пайдасынан қалыптасады.

2022 жылы «КТК-Р» төлеген жалпы дивиденд сомасы 66,09 млрд рубльді құрады.

2023 жылдың шілдесінде консорциум алғаш рет Қазақстан Республикасындағы «КҚК-К» АҚ акционерлеріне 2022 жылдың қорытындысы бойынша 174 миллион АҚШ доллары көлемінде дивиденд төледі.

2024 жылға қарай КҚК-ның өткізу мүмкіндігін жылына 80 млн тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.

КҚК құбыры Батыс Қазақстанның мұнай кен орындары мен Каспий қайраңындағы ресейлік кен орындарын Новороссийсктегі теңіз терминалымен байланыстырады. Ол қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық бағыты, бұл құбыр арқылы елде өндірілген «қара алатынның» 80%-дан астамы тасымалданады. Бұл құбырмен жылына шашамен 61 млн тонна мұнай жөнелтіледі.

КҚК акционерлері: Ресей Федерациясы (Транснефть (MOEX: TRNF) бақылайтын 24%, баланста 7%) – 31%, Қазақстан (Қазмұнайгаз – 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC – 1,75%) – 20,75%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKOIL International GmbH – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holding Limited – 2%, E.A.ni. Н.В. – 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.  

Сондай-ақ оқыңыз