Қазақстанда риелторлық қызмет саласы заңмен реттелмеген – Ұлттық экономика министрлігі

Жарияланды
Қазақстанда риелторлық қызмет заңмен реттелмеген / Архив: kursiv.media

Халық қалаулылары елдегі риелторлардың қызметін заңмен реттеуді жоспарлап отыр.

Сенат кулуарында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов тұрғын үй нарығындағы жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Біз бұл мәселені талдай бастағанда риелторлық қызмет реттелмегенін байқадық. Талаптар да жоқ екені белгілі болды. Сондықтан жағдайды оңтайландыру қажет деген сұрақ туындады. Өйткені риелторлар мен клиенттер арасында байланыс бар. Алайда ол әлі де өз деңгейінде емес. Сондықтан оларды ретке келтіріп, заңнамалық тұрғыда реттеу қажет», – деді Тимур Жақсылықов.

Оның айтуынша, сондықтан депутаттар 2022 жылы риелторлардың қызметін заңнамалық тұрғыдан реттеу туралы бастама көтерген. Бұл мәселе одан бері талқыланып келеді.

«Мұның бәрі 2022 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Астанада және басқа қалаларда пәтерлерді, үйлерді, қонақүйлерді жалға алуға клиенттердің қызығушылығының жоғарылауымен байланысты болды. Сол кезде шетелдіктердің белгілі бір ағыны келді. Олармен келісім-шарттар негізсіз бұзылған кездер тіркелді», – деп түсіндірді Жақсылықов.

Сондай-ақ ол «мұндай риелторлардың құрбандары туралы белгілі бір статистика бар ма?» деген сұрақтарға жауап берді.

«Жоқ, өйткені бұл сала реттелмеген. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде өтініштер болуы мүмкін. Бірақ бұл департамент басқа министрлікке қарайды, бізде деректер жоқ. Бірақ біз олардан мәліметтерді сұрай аламыз. Мен бұл туралы ескертемін. Қазір мұның бәрі тек бастама ретінде қолға алынды. Ал заңнаманың нақты жобасы жоқ. Біз жолдың басында тұрмыз.Қазір біз осы нарыққа қатысушылармен, риелторлармен және тұтынушылармен жұмыс істеп, қажеттіліктерді түсінуге тырысамыз. Сондықтан нақты бірдеңе айтуға әлі ерте», – деді спикер.

Оның айтуынша, ең бастысы, нарық субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін нақты белгілеу керек. Бүгінде әр адам тәкеуелге бел буып, келісім-шарт жасасады. Клиенттер мен тұтынушылар өз құқықтарын білмейді.

«Сондықтан риелторлар мұны жиі пайдаланады. Бірақ кәсіпқой ойыншылар да жалға алушылардан зардап шегеді. Сол үшін аталған нарықты реттеу керек», – деп қорытындылады Ұлттық экономика вице-министрі.

Бұған дейін Қазақстан халықтық партиясының депутаттары «Отбасы банкінің» ипотекалық несиенің барлық сомасына пайыз есептеу әділетсіздік деп мәлімдеді. Олар Премьер-Министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында бұл механизмді қайта қарауды ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыз