«Қазатомөнеркәсіп» еншілес кәсіпорны құны 76 миллион теңге тұратын моторлы кемені 18-ші рет сатуға талпынып отыр

Жарияланды
"Дочка" «Казатомпрома» в 18-ый раз пытается продать теплоход стоимостью 76 млн тенге
2022 жылы Үлбі зауыты «Бәйтерек» яхтасын 1,3 миллиард теңгеге сатты / Коллаж: kursiv.media

Үлбі металлургиялық зауыты бастапқы бағасы 228 миллион теңге болатын «Юрий Мурин» моторлы кемесін тағы да аукционға шығарды. Бұл Үлбі зауытының аталған активті сатуға деген 18-ші талпынысы.

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясына қарасты Үлбі металлургиялық зауытының кемесі 12 жолаушыға арналған. «Юрий Мурин» сервистік және жылжымалы моторлы су көлігі. Оның саудадағы бастапқы бағасы – 228,8 млн теңге. Аукцион бағаны арзандату арқылы өтеді. Сауда 13 наурызға жоспарланған.

Бағалау есебінде көрсетілгендей, кеменің құны 76 миллион теңгені құрайды. Оның ішінде бортындағы жылжымалы мүлік – 19,5 миллион теңге. Ұзындығы 33,5 метр, ені 5,7 метр, бүйірлік биіктігі 2,55 метр және екі қозғалтқышы бар моторлы кеме 1974 жылы Бакуде суға жіберілді.

Кеме борттағы мүлікпен бірге сатылады: DVD ойнатқыштары, бейнемагнитофон, мониторы бар компьютер, электрпеш, тоңазытқыштар, кондиционерлер, үй кинотеатрлары, ыдыс жуғыш машина, дизель генераторы, қазандық, сауна пеші, радиостансалар, теледидарлар және басқа мүлік бар. Үлбі зауытының кемені саудаға шығаруы бірінші рет емес. Бұл аукцион 18-ші рет өтпек. Зауыт кемені алғаш рет 2021 жылдың қаңтарында сатуға тырысты.

Оның үстіне, Үлбі металлургиялық зауытының бейінді емес активтерден «құтылуға» тырысуы да алғаш рет емес.


2022 жылы зауыт «Бәйтерек» яхтасын төртінші талпыныстан 1,3 миллиард теңгеге сатқан.

Бұған дейін «Қазтеңізкөлікфлот» ұлттық компаниясы («Қазмұнайгаздың» еншілес кәсіпорны) «Нұртау» яхтасын 2021 жылдың қарашасында 170 миллион теңгеге сатты. Оны ҚМГ еншілес кәсіпорны 2007 жылы 488 миллион теңгеге сатып алған.

Сондай-ақ оқыңыз