ЭЦҚ кілттері биометриялық сәйкестендіру тәсілімен берілетін болады

Жарияланды
биометриялық сәйкестендіру
Биометриялық сәйкестендіру арқылы электронды цифрлық қолтаңба беру 2025 жылға дейін пилоттық режимжде жүргізіледі/ Фото: kursiv.media

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі биометриялық сәйкестендіру бойынша электрондық цифрлық қолтаңба және бұлтты электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін алу алгоритмін әзірледі.

Электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін алудың балама шешімін ұсынатын бұл жоба әзірге пилоттық режимде жүргізіледі. Құжатта Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының ресми сайты арқылы қашықтықтан сәйкестендіру бойынша ЭЦҚ алуға арналған пилоттық жоба 2024 жылғы 4 наурыздан 2025 жылғы 4 наурызға дейін жүзеге асырылатыны жазылған.

«Пилоттық жобаны іске асыру процесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін алу рәсімін жеңілдетуге мүмкіндік беретін жаңа функциялар мен мүмкіндіктерді қосу бөлігінде қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді пысықтауға жол беріледі», – делінген құжатта.

Министр бұйрығына сәйкес, биометриялық сәйкестендіру бойынша электрондық цифрлық қолтаңба және бұлтты электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін алуда техникалық мүмкіндікетермен қамтамасыз ету тетігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» Акционерлік қоғамына жүктеледі. Компания пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының ресми сайты арқылы жобаны жүзеге асыруға көмектеседі.

Биометриялық сәйкестендіру тәсілімен электронды қолтаңба алу үшін дербес компьютердің камерасы болуы шарт. Пайдаланушы компьютер камерасына кіруге өз рұқсатын беріп, нақты бір іс-қимылдар орындау ұсынылады. Тұтынушыға сәйкестендіру өткізу үшін 10 әрекет беріледі. Егер сәйкестендіру барысы сәтсіз өткен жағдайда портал 10 минутқа бұғатталады. Кейін әрекеттерді екінші рет қайталап енгізуге болады.

Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

ЭЦҚ алу тәртібі қалай өзгереді?

Еске сала кетсек, өткен жылғы маусымда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Арай Оразова алдағы уақытта ЭЦҚ-ны флешкада сақтаудың қажеті болмайтынын айтқан. Сонымен қатар ол дербес компьютерге NCALayer бағдарламасын орнатудың да машақатынан құтылуға болатынын жеткізген еді.

«Жақында флэш-дискілерде ЭЦҚ алып жүрудің қажеті болмайды. Мемлекеттік қызметтерді алатында азаматтарымыз, ЭЦҚ-ға жүгінеді және үнемі жанында флешка алып жүруі тиіс. Біз мобильді қосымшада QR-қолтаңбаны енгіздік, енді флешка алып жүрудің қажеті жоқ»,– деген болатын Арай Оразова.

Бұл қызметке QR-қолтаңбасы енгізіліп, сонымен бірге «Отбасы Банкінің» кейбір қызметтері де QR арқылы жұмыс істейтіні айтылған болатын.

Ал «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин жақын арада қазақстандықтарға компьютерлеріне NCALayer бағдарламасын орнатудың қажеті болмайтынын айтқан болатын. Басқарма басшысы бұл бағдарламаны MAC компьютерлерінде қолдану біраз қиындықтар тудырғанын, сол себепті осы мәселені жеңілдету жолдары қарастырылғанын хабарлаған.

Коняшкин сонымен бірге push-хабарламалар арқылы құжаттарға қол қою қызмет саласының жаңа механизміне айналатынын айтты. Олардың көмегімен, Egov-Mobile пайдаланушылары ЭЦҚ-сыз қажетті құжатты растап, қол қоя алады.

«Курсив » ЭЦҚ-ны қалай алып не үшін қолданлытаны жайлы толық ақпарат шығарған болатын. ЭЦҚ алу тәртібімен осы сілтеме арқылы таныса аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз