Ресейлік металлургтер өз үкіметінен Қазақстан билігінің металл экспортына қатысты шешіміне ықпал етуді сұрады

Жарияланды
Ресейлік металлургтер өз үкіметінен Қазақстан билігінің металл экспортына қатысты шешіміне ықпал етуді сұрады / shutterstock

Ресейдегі электрометаллургиялық кәсіпорындар ел үкіметінен Қазақстанның темір жол арқылы қара металл сынықтарын тасымалдауға салған алты айлық тыйымын жоюға ықпал етуді сұрады. 

Олардың сөзінше, Қазақстанның саудаға тыйым салуы ресейлік компаниялардың металл сынықтарын 500 000 тонна аз алуына әсер етеді. Компанияларға келтірілген залал шамамен 160 млрд рубль болуы мүмкін.

Айта кетейік, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан Республикасының аумағынан қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын балқытуға арналған қара металл құймаларын (шихталы құймаларды) темір жол көлігінің түрімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу туралы шешім қабылдаған еді.

«Коммерсант» ақпаратына сүйенсек, Ресейдің Электрометаллургиялық кәсіпорындар қауымдастығы Ресейдің Индустрия және сауда министрлігіне, Экономика министрлігіне және Еуразиялық экономикалық комиссияға хат жазған. 

Қауымдастық Қазақстанның металл өнімдерін сатуға алты айға тыйым салуы стратегиялық шикізат өндірісінің төмендеуіне және электрометаллургия секторындағы бағаның ауытқуына алып келеді.

Басылымға қазақстандық «Металлургия өнеркәсібі одағының» төрағасы Владимир Дворецкий бұл шешімнің ішкі нарықтағы бағаны төмендетуге бағытталғанын айтқан. Бұған қоса, шешім салдарынан экономикаға 160 млрд шығын келуі мүмкін екендігін жеткізген.

«Шешім өз күшіне енген кезден ел ішіндегі металл сынықтарының бағасы 20%-дан 40%-ға дейін төмендейді», –дейді сарапшы.

Айта кетейік Қазақстан осыған дейін 2022 жылы қара және түсті металды тасымалдауға уақытша тыйым салған болатын. Сол кездегі индустриалдық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағанбеттің айтуынша, ел аумағынан қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын шығаруға уақытша шектеу қою – бұл тактикалық шара. Ал стратегия – бұл елімізде 2010 жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан индустрияландыру саясаты. 

Сондай-ақ оқыңыз