Chevron күн энергиясының көмегімен сутегін өндірмек

Жарияланды
Chevron күн энергиясының көмегімен сутегін өндіреді / shutterstock

Chevron компаниясы күн энергиясын пайдаланып сутегін өндіру бойынша өзінің алғашқы жобасын жүзеге асырмақ.

АҚШ-тағы Chevron компаниясының бөлімшесі болып табылатын Chevron New Energies Калифорнияның Орталық алқабында 5 мегаватт сутегі өндіру жобасын әзірлеу туралы хабарлады.

«Жобаның мақсаты – Керн округіндегі Lost Hills мұнай кен орнындағы Chevron компаниясының бар активтерінен күн энергиясын, жерді және ішуге жарамсыз өндірілген суды пайдалану арқылы төмен көміртекті энергия алу. Көміртегі (LCI) электролиттік сутегі электролиз арқылы өндіріледі. Бұл суды сутегі мен оттегіге бөлу үшін электр қуатын пайдалану процесі», – деп түсіндірді компания баспасөз хабарламасында.

Нысан кеңейтіліп жатқан сутегі жанармай құю желісін қолдауды тәулігіне 2 тонна LCI өндіруге арналған.

Жобаның дамуы бірнеше жылға созылады деп күтілуде. Ол коммерциялық операциялардың басталуына қолдау көрсететін энергетикалық нормативтік базаны қажет етеді. Сонымен қатар жобаның болашағы бірнеше факторға байланысты. Оның ішінде қажетті материалдарды уақтылы алу да бар.

Былтыр қыркүйекте Австралиядағы Chevron әкімшілігіне қарсы қозғалыс күшейді. Сұйытылған табиғи газ (СТГ) өндіретін зауыт жұмысшылары 14 қыркүйектен бастап екі апта көлемінде ауқымды наразылық шарасын өткізген.

Компания ереуілге шыққан Горгон мен Уитстоун кәсіпорындарындағы мердігерлік ұйымдардың 50 қызметкерін эвакуациялады. Бұл жайлы Австралияның Offshore кәсіподақ альянсы мәлімдеді.

Chevron 1993 жылы Қазақстан нарығына да келді. Алғашқы энергетикалық әрі шетелдік компания ретінде «Теңізшевройл» ЖШС құрды. «Шеврон» Қазақстандағы ең ірі шетелдік инвесторлардың бірі. Қарашығанақ жобасында ірі үлескер, Каспий құбыр консорциумындағы ірі жеке акционер. Сонымен қатар компания Атырау қаласындағы полиэтилен құбырлар зауытын басқарады.

Компания өндіріске қажетті түрлі ресурстарды әзірлеуге басымдық береді. Сондай-ақ, мыңдаған жұмыс орнын құру арқылы ел экономикасының дамуына үлес қосуды көздейді. 

2023 жылы сәуірде АҚШ-тағы ең ірі мұнай компанияларының бірі 2023 жылдың I тоқсанында таза кірісті 5%-ға арттырды.

Сондай-ақ оқыңыз