Еліміздің Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқы санының өсімі туралы мәліметтерді жариялады.
Бюроның ресми мәліметінше, жыл басынан 1 ақпанға дейінгі кезеңде еліміздегі халықтың саны 20 053 665 мың адам болған. Өсім пайызы – 0,10.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 ақпанына дейін халық санының өсімі 20 119 адамды құраған. Өсім пайызы – 0,10. Қазақстан халқының басым бөлігі – 12 451 004 адам қалада тұрады. Ал, ауыл халқының саны – 7 580 007 мың адамды құрап отыр.
Елдегі халық санының өсімі бойынша Алматы мен Астана қалалары көш бастап тұр. Қазіргі уақытта оңтүстік астанада 2 234 963 адам тұрса, елордада 1 437 645 мың адам жеткен. Үштікті Шымкент қаласы 1226446 адаммен түйіндейді.
Еске салайық, былтыр қараша айында Қазақстан халқының саны 20 миллионға жеткен еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарымызды халық саны 20 миллион адамға жетуімен құттықтаған болатын. Халқымыздың санын 20 миллионға жеткізген мерейлі азаматтар Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келген.
Қазақстан халқының саны 19 миллионға 2021 жылы жеткен. Бұл хабарды да статистика комитетінен бұрын президент Тоқаев жеткізіп, twitter парақшасына жазған. Жәния Азаматқызы есімді бүлдіршін 2021 жылы 3 тамызда Алматы облысы Талдықорған қаласында (қазіргі Жетісу облысы) отбасында төртінші бала болып дүниеге келген. Оның аты-жөнімен отбасы туралы ақпаратты да президент жазған болатын.
Мамандардың болжамынша 2050 жылға қарай Қазақстан халқының саны 27 миллионнан асуы мүмкін.