Жаңалықтар

АҚШ Газаға гуманитарлық көмек жіберді

АҚШ Газаға гуманитарлық көмек жіберді/Фото: twitter/CENTCOM

АҚШ әскери ұшақтардың көмегімен Газа секторының тұрғындарына әуемен гуманитарлық көмек жеткізу операциясын өткізді. Сыншылардың айтуынша, азық-түлікті парашютпен түсіру амалы жүк көліктерімен жеткізуден гөрі әлдеқайда тиімсіз. АҚШ-қа дейін Газаға басқа елдер әуеден көмек көрсетті. Бұл туралы ВВС агенттігі хабарлады.

Reuters мәліметтеріне сүйенсек, үш америкалық C-130 ұшағы БҰҰ мәліметі бойынша, кем дегенде 576 мың адам ашығып жатқан аймаққа азық-түлік жеткізілді..

1 наурызда АҚШ президенті Джо Байден гуманитарлық жүктерді Газаға әуе арқылы жеткізу жоспарлары туралы хабарлады. «Біз көптеген жұмыстарды істеуіміз керек, ал АҚШ көп нәрсені жасайды», — деді ол.

Бейсенбі күні Газа қаласында гуманитарлық жүк көліктерінің маңына жиналған жұртшылықтың ішінде 110-нан астам палестиналық қаза тапты.

Газаның ХАМАС бақылауындағы денсаулық сақтау министрлігі болған оқиға үшін Израильді айыптады. Ал Байден ХАМАС пен Израиль арасындағы соғыста уақытша атысты тоқтатуға қол жеткізу перспективаларына алаңдаушылық білдірді. Израиль өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.

Израиль қорғаныс күштерінің өкілі Даниэль Хагари: «олардың кейбіреулері [палестиналықтар] гуманитарлық жүктерді тартып алған. Газаның басқа тұрғындарын аяусыз итеріп, тіпті таптай бастады», — деді.

Оның айтуынша, «жағдай израильдік әскерилердің бақылауынан шығып кетті».

Осы уақытта Иерусалимде мыңдаған израильдіктер әлі күнге дейін Газа секторында ХАМАС ұстаған 134-ке жуық кепілге алынған адамды босатуды талап етіп шеруге шықты.

Айта кетейік, Газа аймағында қаза тапқандар саны 30 000 асты деп жазған едік.

Палестина-Израиль қақтығысы басталғалы бері Газа аймағында қайтыс болған азаматтардың саны 5 ай ішінде 30 000 асты. Ақпаратты Газа денсаулық сақтау органдарының өкілдері жариялаған. 

Reuters ақпаратына сүйенсек, 29 ақпанда гуманитарлық көмекті күткен 100-ден астам палестиналық азаматты Израиль әскері атып өлтірген. Алайда Израиль билігі қайтыс болғандардың көпшілігін гуманитарлық көмекті алып келген көліктер жаншып өлтіргенін айтады. Медициналық бригадаларға жарақаттанғандар саны мен олардың жарақатының ауыр болуына байланысты адамдарды құтқару қиын болған. Ондаған жаралы адам израильдік рейдтен кейін жартылай ғана жұмыс істеп тұрған әл-Шифа ауруханасына жеткізілді.