АҚШ-та Crew Dragon-ның ғарышқа сапары кейінге қалдырылды

Жарияланды (жаңартылды )
Crew Dragon-ның ғарышқа сапары кейінге қалдырылды/Фото:aex.ru

SpaceX-тің Crew Dragon ғарыш кемесінің Халықаралық ғарыш станциясына ұшуы кейінге қалдырылды. Бұл туралы РБК сайты хабарлады.

«ХҒС-на Crew Dragon ғарыш кемесін ұшыру төртінші рет кейінге қалдырылды. 2 наурызда SpaceX Falcon 9 зымыраны мен Dragon ғарыш кемесі ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты кейінге қалдырылды», – делінген NASA хабарламасында.

Енді ғарышқа ұшу 3 наурызда жергілікті уақыт бойынша 22:53-ке жоспарланды.

Crew Dragon бортында Роскосмос астронавты Александр Гребенкин, сондай-ақ NASA-ның үш астронавты – Мэттью Доминик, Майкл Баррат және Джанетт Эппс болады.

Бастапқыда NASA мен SpaceX 22 ақпанда Халықаралық ғарыш станциясына Crew-8 ұшыруды жоспарлады. Бірақ старт 28 ақпанға ауыстырылған еді.

NASA-дан кейін Crew Dragon 1 наурызда ғарышқа ұшады деп хабарлады. Бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшу тағы кейінге қалдырылды.

Айта кетейік, қаңтар айында Crew Dragon кемесімен ғарышқа төрт турист ұшырылды.

SpaceX төрт адамнан тұратын экипажы бар AXIOM Space коммерциялық миссиясы аясында Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) Crew Dragon ғарыш кемесін ұшырды. Трансляция Axiom Space сайтында жүргізілді.

«Жергілікті уақыт бойынша 16:49-да Falcon 9 зымыран тасымалдағышын Кеннеди ғарыш орталығындағы (Флорида) алаңнан ұшырды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Intuitive Machines-тің құрылғылары айға қонған кезде акциялары күрт өсті деп жазған едік.

Айға жүк тасымалдау машиналарын жасайтын Intuitive Machines компаниясының акциялары бейсенбіде сауда-саттық жабылған кезде 8,28 долларға бағаланды.

CNBC ақпаратына сүйенсек, айға қонуын күткен кезде де компанияның құнды қағаздары 22 ақпанға дейін 300% дейін жоғарылады.

15 ақпанда биіктігі 4,3 метрлік Одиссей аппараты 12 түрлі қажетті жүк жиынтығымен ұшты. Оның алтауы NASA-ның деректерді жинауға арналған ғылыми және техникалық құралдары. Құрылғыларды жеткізу үшін агенттік Іntuitive Machines компаниясына 118 миллион доллар төледі, деп жазады Space.com.

Сондай-ақ оқыңыз