Ақпан айында іскерлік белсенділік индексі 50,0-ге дейін жоғарылады

Жарияланды (жаңартылды )
іскерлік белсенділік индексі
Ақпан айында іскерлік белсенділік индексі 50,0-ге дейін жоғарылады/Фото: dailyreckoning.com

2024 жылғы ақпанда іскерлік белсенділік индексі жақсарды. Бұл туралы Ұлттық банктің АКСД директоры Рүстем Оразалин мәлімдеді.

Қызмет көрсету секторында көрсеткіш оң – 50,3. Қаңтар айында 50,7 болған. Өндіріс секторындағы көрсеткіш те жақсы – 50,1. Қайтарда 50,4 болған. Өткен аймен салыстырғанда көрсеткіш біршама төмендеген, бірақ жеткізу мерзімін қоспағанда, барлық құрауыштың жақсарғаны байқалады.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен құрылыста көрсеткіш тиісінше 48,4-ке және 49,2-ге дейін (қаңтарда – тиісінше 45,9 және 47,2) жоғарылағанына қарамастан, теріс болып қалды. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде жеткізу мерзімі қасқарды.

Ағымдағы және болашақ бизнес жағдайларды бағалау жақсарды. Ағымдағы және болашақ бизнес жағдайлардың орташа бағалауын білдіретін бизнес-ахуал индексі 10,5 (қаңтарда – 9,1) болды, ал бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аймағына ауысты.

Ал сегіз өңірде іскерлік белсенділік жақсарып, тоғыз өңірде керісінше нашарлады. Индекстің ең үлкен мәні Астана қаласында (55,5), ең аз мәні Ақмола облысында (44,1) тіркелді.

Бизнес-ахуал индексі 10,5-ке дейін өсті. Қазіргі жағдайлар аздап оң бағаланды, болашақ бизнес жағдайларының бағалауы қазіргіден де жақсара түседі.

2023 жылдың желтоқсан айында іскерлік белсенділік индексі 49,0-ден 48,7-ге дейін  төмендеді.

«Индекстің динамикасына тау-кен өнеркәсібі мен қызмет көрсету секторындағы көрсеткіштің төмендеуі әсер етті. Бұл секторларда барлық құрауыштың төмендегені байқалды. Тиісінше, индекстер 46,8 және 47,8 (қарашада – 47,2 және 48,4) болды. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде, әсіресе, жаңа тапсырыстар көлемі азайды»,  – делінген хабарламада.

Айта кетейік, іскерлік белсенділік өндіріс пен құрылыста жақсарғанын байқалады. Мұнда көрсеткіштер тиісінше 51,8 (қарашада – 51,4) және 50,2 (қарашада – 50,3) болды. Құрылыс пен өндірісте жеткізілім мерзімінен басқа барлық құрауыштар жақсарды. 

Сондай-ақ оқыңыз