Жаңалықтар

Атырау облысында 1000 гектар жерде қамыс бықсып жанып жатыр

өрт, қамыс, Атырау
Атырау облысында 1000 гектар жерде қамыс өртенді/Фото: Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі

2024 жылғы 2 наурыздан бастап Атырау облысы Құрманғазы ауданында  Каспий теңізінің жағалауында Құрманғазы ауылынан 40 шақырым жерде, Құрманғазы орманшылығы КММ аумағында 1000 га алаңда қамыс өртенді. Елдімекенге қауіп жоқ.

4 наурыздан бастап өртенген аумақты әуеден барлау үшін ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды.

Батпақты жерлерде 20 га аумақта қамыс бықсып жанып жатыр. Жалпы жанған аумақ көлемі – 1000 гектар. Оның ішінде 200 гектар аумақты ТЖД күштері сөндірді, ал 780 гектар өздігінен сөнді.

Өртті сөндіру үшін Атырау облысында ТЖД, Құрманғазы орманшылығынан жалпы 37 адам, бір техника, төрт мотопомпа, үш моторлы қайық жұмылдырылды.

Бықсып жанған қамыс әлі сөндіріліп жатыр. Айта кету керек, жердің сулы-батпақты болуы, жолдардың болмауы өртті сөндіруге қиындық туғызып жатыр.

Айта кетейік, ТЖМ жанынан орманды күзету мен қорғау қызметі құрылады.

Төтенше жағдайлар министрлігі елімізде өз алдына жеке орман қорғау қызметін құруды көздеп отыр. Ол туралы қаулы жобасы ашық талқылауға шығарылды. Республикалық азаматтық қорғау тізімінде Ормандарды күзету және қорғау қызметін құру туралы қаулы жобасы 13 наурызға дейін талқыланды.

Орман өрті

Соңғы жылдары Қазақстанда орман өрті жиілеген. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сенсек, соңғы бес жылда орман өртінің саны 2.2 есе өскен.

Атап айтатын болсақ, елімізде соңғы үш жылда 2251 орман, 319 дала өрті тіркелген. 2022 жылы 701, 2021 жылы 749, 2022 жылы 801 орман өрті тіркелсе, 2020 жылы 130, 2021 жылы 115, 2022 жылы 74 дала өрті тіркелд