ҚНРДА Қазақстанда шетелдік банк ашуға қойылатын талаптарды жеңілдетпек

Жарияланды
Шығарушы редактор
Шетелдік банк ашуға қойылатын талап жеңілдейді. Фото: kursiv.media

Қазақстанда шетелдік банк немесе бөлімшесін ашуға қойылатын заң талаптары жеңілдемек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі биыл Ұлттық банкпен бірлесіп заң жобасын әзірлейді. Ондағы мақсат – сенімділігі жоғары шетелдік банктерді Қазақстан нарығына тарту. Бөлімше ашуға керек құжаттардың тізімі қысқарады

Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Сенімділігі жоғары шетелдік банктерді елге тарту үшін Агенттік Ұлттық Банкпен бірлесіп шетелдік банктерді немесе олардың филиалдарын ашу тәртібіне қойылатын қолданыстағы талаптарды ырықтандыру туралы заң жобасын әзірлейді. Онда құжаттар тізбесін қысқарту және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына қойылатын реттеушілік талаптарды төмендету көзделеді», – делінген хабарламада.

Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік банктер үшін талап жеңілдетілетіні былтыр жазда белгілі болған. Ол кезде агенттік Ұлттық банктің  № 385 қаулысына өзгеріс енгізуді көздейтін құжатты  «Ашық НҚА» порталына шығарған.

Қасым-Жомарт Тоқаев банк саласында бәсекелестікті арттыру үшін елге шетелден сенімді деген үш банкті тарту керек деген еді.

Президенттің  айтуынша, нақты секторға берілетін кредит азайып жатқанда банктер тұтыну несиесімен әуестеніп кетті. Айтуынша, былтыр негізгі капиталға салынған қаражат ішкі жалпы өнімге шаққанда небәрі 15 пайыз болды. Президенттің пайымынша, бұған негізінен еліміздегі банктердің экономиканы дамытуға белсенді атсалыспауы себеп болып отыр.

«Мұндай ахуал Үкіметті тікелей қаржыландырумен, кепілдік және субсидия берумен айналысуға мәжбүрлейді. Бұл тәсіл тиімсіз, көп қаражатты талап етеді әрі нарықтық экономика қағидаларына қайшы келеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ал, банктердің тұтынушылық несиеге басымдық беруі азаматтардың шектен тыс қарызға батуына әкеп соқтырды. Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң бұл мәселені біршама реттегенімен, ахуалды біржола түзеу үшін жаңадан жүйелі шаралар қабылдау қажет.

Сонымен қатар 2024 жылы банктердің өтімділігін экономиканың нақты секторына кредит беруге қайта бағдарламақ. Бизнеске кредит беруді ынталандыру жөніндегі шаралар банктердің қаржылық орнықтылығына нұқсан келтірмей және Базель комитетінің халықаралық стандарттары мен ұсынымдарын сақтай отырып қабылданады.

Биыл екінші деңгейдегі банктердің климаттық стресс-тестілеуін әзірлеу басталады. Онда банктердің орнықтылығы мен ықтимал қаржы шығындарын бағалауға басты назар аударылмақ.

Агенттік Тұрақты AQR және қадағалап стресс-тестілеуге ерекше бақылайды. Соның шеңберінше Агенттік Ұлттық Банкпен бірлесіп негізгі және стрестік сценарийлерді әзірлеп бекіткен. Бұл ретте 2022 жылы орын алған стрестік оқиғаларға байланысты 2023 жылға консервативтік тұрғыдан барынша жұмсақ сценарий әзірленді.

Сондай-ақ оқыңыз