Жаңалықтар

Қашаған операторы – NCOC компаниясының басқарушы директоры ауысты

Қашаған кен орны операторының басқарушы директоры ауысты Фото: NCOC

Қашаған операторы – North Caspian Operating Company (NCOC) басшылығында ауыс-түйіс болды. Джанкарло Рую ресми түрде NCOC компаниясының басқарушы директоры қызметіне келді. Ол осы лауазымда Оливье Лазарды алмастырды. Бұл туралы компания баспасөз хабарламасында жазылған.

«Джанкарло Рую Қазақстанда және халықаралық деңгейде мұнай-газ кен орындарын басқару стратегиялары саласында жиырма жылдан астам тәжірибеге ие», делінген хабарлама.

Оливье Лазар NCOC компаниясында 2021 жылғы маусымна бері басқаруы директор қызметін атқарған.

Ал Рую-дың соңғы қызметі Karachaganak Petroleum Operating B.V. компаниясының бас директоры.

Оған дейін ол Абу-Дабидегі Eni / ADNOC бірлескен кәсіпорнында жерүсті операциялары бағдарламасының жетекшісі, Eni Ghana компаниясының басқарушы директоры және North Caspian Operating Company компаниясының 1-кезеңді әзірлеу жөніндегі директоры лауазымдарын атқарған.

Джанкарло Пиза университетін (Италия) тәмамдап, «Азаматтық құрылыс» магистрі дәрежесін алған. Хабарламада ол түрлі жобаларда барлау, игеру және пайдалану, сондай-ақ бизнесті дамыту жұмыстарының толық циклін қамтитын өндірістің жан-жақты салаларына жауапты болғаны жазылған.

Басқарушы директордың ауысатыны жайлы компания 22 қаңтарда хабарлаған.

Қашаған – кейінгі онжылдықта ашылған әлемдегі ең ірі мұнай кен орындарының бірі. Оның қоры 9 миллиардтан 13 миллиард баррельге дейінгі мұнайды құрайды. Қашағандағы коммерциялық өндіріс 2016 жылдың күзінде басталды. Ел үкіметі  Қашағандағы өндіріс көлемін 6 есе арттырып,  жылына 75 млн тоннаға жеткізуге ниетті,

NCOC консорциумының акционерлері: KMG Kashagan B.V. (16,877%), Shell Kazakhstan Development B.V. (16,807%), Total EP Kazakhstan (16,807%), AgipCaspian Sea B.V. (16,807%), ExxonMobil Kazakhstan Inc. (16,807%), CNPC Kazakhstan B.V. (8,333%) және Inpex NorthCaspian Sea Ltd. (7,563%).