Биткоиннің нарықтағы құны жыл басынан бері 50% өсті

Жарияланды
Биткоиннің нарықтағы құны жыл басынан бері 50% өсті / shutterstock

Нарықтық құны әлемдегі ең танымал крипто валюта биткоиннің бағасы жыл басынан бері 50% өсті. Негізгі баға АҚШ-тағы акциялардың сауда-саттық көлемінің өсуіне байланысты болған.

Reuters ақпаратына сүйенсек, 4 наурызда биткоин екі жылдан бері ең жоғары бағаға жетіп, бір валюта құны 64000 доллар болып бағаланған. 

Азия нарығы ашылған кезде баға 64 285 долларға жетті, бұл 2021 жылдың аяғында тіркелген рекордтан кейінгі ең жоғары деңгей болған. Ол кезде биткоин бағасы 68 999,99 доллар болған.

«Биткоин ағыны таусылмайды. Себебі баға өскен сайын инвесторлар өздерін сенімді сезінеді»,  – дейді Crypto analytics house зерттеу бөлімінің басшысы Маркус Тилен.

Биткоин бағасының өсуі

Айта кетейік, 2024 жылдың 27 ақпанында биржада биткоин құны 3,6%-ға өсіп, 56,422 мың долларды құрады. Техникалық талдау тұрғысынан биткоин бағасы 58 400 долларға өсіп, содан кейін 62 000 долларға жетуі мүмкін деген болжам болған.

Биткоин бағасы қаңтар айының ортасынан бері өсті. Бұған дейін осы деңгейден жоғары криптовалюта саудасы 12 қаңтарда тіркелген еді. Қаңтардағы ең жоғары көрсеткіш – 48,9 мың долларға жеткеннен кейін, танымал криптовалюта шамамен 20%-ға арзандады.

Кейін баға құбылып, 42-43 мың доллар аралығында қалыптасқан. 2024 жылғы 4 ақпандағы сауда да биткоинның орташа бағасы 46 719 долларды құрады.

Еске сала кетсек, белгісіз адамдар АҚШ Бағалы қағаздар және биржалар комиссиясының (SEC) Х әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) аккаунтын бұзып, биткоинға тікелей инвестиция салуға болатын ETF-тің қосылатыны туралы жалған ақпарат таратқан. Кейін компания бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Айта кетейік, былтыр кіші валюталар әсерінен крипто нарығындағы биткоиннің үлесі 50% төмендеді деп хабарладық.

Сондай-ақ оқыңыз