Депутат журналистерге шабуыл жасағандарды бір жылға бас бостандығынан айыруды ұсынды

Жарияланды
Депутат журналистерге шабуыл жасағандарды бір жылға бас бостандығынан айыруды ұсынды / shutterstock

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек журналистерге шабуыл жасағандарды бір жылға бас бостандығынан айыруды ұсынды. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.

Базарбек «Масс-медиа туралы» заң жобасын талқылау кезінде «журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтіргені» үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынды. Қазір осы бап бойынша құқық бұзушы 45 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін. Мәжілісмен бұл мерзімді бір жылға дейін ұзарту керек екендігін айтты.

«Егер адам бұл қылмыс үшін 45 күнге емес, нақты ұзақ мерзімге, мысалы, 1 жылға қамауға алынатынын білсе, шабуылдауды тоқтатады», – деді депутат.

Базарбек түзетуді бас прокуратурамен «мұқият зерттеп», жұмыс тобының қарауына ұсынғанын айтты. Оның сөзінше, ұсынысты БАҚ қауымдастығы, Үкімет пен Ақпарат министрлігі қолдамаған. Жұмыс тобы құжатты пысықтауға жіберді. Депутат заң жобасын қайта талқылауды күтетінін айтады.

Қазір Қылмыстық кодекске  «журналистік қызметке кедергі келтірген азаматтарға» 100 АЕК (369 мың теңге) дейін айыппұл салынады. Болмаса түзеу жұмыстары мен қоғамдық жұмыстарға немесе 45 тәулікке қамауға алынады.

Журналистерге шабуыл

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың күзінде бірнеше қазақстандық БАҚ өкілдеріне белгісіз адамдардың қауіп төндіргені белгілі болды. Orda редакциясына біреу бас редактор Гүлнәр Бажкенованың суретін салып шошқаның басын жіберген. Ulysmedia кеңсесіне бас редактор Самал Ибраеваның балаларының суреттері салынған қорап келген. Содан кейін Еlmedia сайты редакциясының терезелерін сындырып, журналист Динара Егеубаеваның көлігін өртеп, ұлына тапаншамен шабуыл жасалған. Журналист Вадим Борейко да шабуылға ұшырап, пәтерінің есігі ашылмай қалған.

2023 жылдың көктемінде тергеу билікті күштеп басып алуға, тыңшылық жасауға және т.б. іс әрекеттерге дайындалды деген айыппен сырттай сотталған Сергей Маневичтің ұлы Аркадий Клебановты қылмысқа тапсырыс беруші деп атады. Аркадий Клебановты есі ауысқан деген шешіммен мәжбүрлеп емдеуге жіберді.

Сондай-ақ оқыңыз