Алматының энергетикалық кешені қалыпты режимде жұмыс істеп тұр

Жарияланды
222 жер учаскесі
Алматының жылу, электр, газ беру желілері тұрақты жұмыс істеп тұр / Архив: kursiv.media

Алматыда 5 балл жер сілкінісі болғанына қарамастан, жылу, электр, су және газбен қамту желілері қалыпты жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы хабарлады.

Сағат 14:00-дегі ақпаратқа сәйкес:

  • «Алматы электр станциялары» АҚ – ЖЭО-1.2 қалыпты режимде жұмыс істейді;
  • «Алматытеплокоммунэнерго» – 84 қазандықтары қалыпты режимде жұмыс істейді;
  • «Алматы жылу желілері» ЖШС-жылу желілері тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз етуді шектеусіз, штаттық режимде жұмыс істейді;
  • «Алатау Жарық Компаниясы» – электр желілері тұтынушыларды электр қуатымен қамтамасыз етуде шектеусіз штаттық режимде жұмыс істейді;
  • «Алматы Су» – тұтынушыларды сумен қамту және кәріз желісімен қамтамасыз етуде шектеусіз штаттық режимде жұмыс істейді.

Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы газ беру мәселесіне де тоқталды.

«ҚазТрансГаз-Аймақ” – тұтынушыларды газбен қамтамасыз етуге шектеусіз штаттық режимде жұмыс істейді», – деп хабарлады басқарма.

Алматыда бүгін тағы жер сілкінді

4 наурыз сағат 11:22-де Алматыда қатты жер тербелісі болып, халық дүрлігіп қалды. Бұл туралы Алматының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.2. Магнитудасы MPV 6.1. Жер сілкінісінің координаталары – 42,93° солтүстік. 76,96° шығыс Тереңдігі 10 км. Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ және жер сілкінісінің салдары туралы мониторинг, ақпарат жинау жүргізілуде.

Алматы халықаралық әуежайының жұмысы шектелген жоқ

Сондай-ақ Алматы халықаралық әуежайы жер сілкінісінен кейін әуежайдың барлық қызметтері қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Ұшу-қону жолағы мен перрон тексеріліп, ешқандай зақым табылмады.

Мектептер мен колледждерде сабақтар болмайды

Алматы мектептері мен колледждерінде екінші ауысымдағы сабақтар болмайды. Мегаполис тұрғындары 16.00-ге дейін халық жиналатын орындарда болу керек.

Жер сілкінісіне байланысты қала әкімі Ерболат Досаев сағат 11:40-тан бастап жедел штабта жұмыс істеп, алдағы іс-шаралар жоспары талқыланды.

Қаланың барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері қосылған.

  • Қалалық полиция бөлімі әдеттегідей жұмыс істеп жатыр.
  • Барлық мектептер мен балабақшалар ашылды, қоғамдық қабылдау пункттері жұмыс істейді.
  • Қаладағы жедел медициналық жәрдем қызметі мен барлық көпсалалы ауруханалар, соның ішінде мамандандырылған ауруханалар, балалар ауруханалары, босану ұйымдары күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Алматыда бұған дейін 5 балдық жер сілкінісі 23 қаңтарда болған. ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 09 мин 02 сек жер сілкінісін тіркеді

Сондай-ақ оқыңыз